Бұл бетте «Кесінді» атты Дәурен Тлеуханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кесінді...
Қуат алып жылудан,жарықтардан,
Өмірдің тәтті уына қанып та алғам.
Мен де бір көлбеу жатқан кесіндімін,
Арман мен болашаққа бағытталған.
Уақыттың ойпаңдарын,қалтарысын,
Жалғанның жанталасын ,арпалысын,
Қиып өтіп күндердің қайғы-шерін,
Сүйіп өтем өмірді әр таң үшін.
Биік етіп ойымды басқалардан,
Басқа қонған бақтай боп асқақ арман.
Түп-түзу жолдарыммен жан баспайтын,
Тарихқа аттанамын таста қалған.
Таршылықтың тұсауын үзіп беріп,
Жыр маржанын моншаққа тізіп, теріп.
Келер күнге қалдырам бір белгіні,
Көк аспанды қақ тілген сызық болып.
Ғұмырлар-ай,кейде мықты, ғаріп кейде,
Дүние дүлдүлдерді дәріптей ме?
Жер жүзінің жанарын жас толтырар,
Жалын шашып жанғанда жарық бейне...
Тлеухан Дәурен
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі