Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"білім" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "білім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Білімді адам – өз халқының асыл мұрасын бойына сіңірген жан.
Ілмектер: білім, Білімді адам, Әлкей Марғұлан, мұра Әлкей Марғұлан
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Ілмектер: Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әл-Фараби, білім, тәрбие Әл – Фараби
Ойланусыз оқу — пайдасыз, оқусыз ойлану — қауіпті.
Ілмектер: Конфуций, ЛуньЮй, НақылСөз, Білім, Оқу, Ойлану, Даналық, ӨмірСабағы, Тәрбие, ӨзінДамыту Конфуций
(Егер тек оқып, ойланбасаң, барлық күшің бекер; егер тек ойлансаң, бірақ оқымасаң, өзіңді қатерге ұшыратасың.)
Түпнұсқа (қытайша, пиньин):
学而不思则罔,思而不学则殆
Pinyin: Xué ér bù sī zé wǎng, sī ér bù xué zé dài
Білетін адам — сүйетін адаммен тең емес,
Ілмектер: Конфуций, білім, қызығушылық, ынта, сүйіспеншілік, шынайы құштарлық, табандылық, кемелдік Конфуций
сүйетін адам — одан шынайы ләззат табатын адаммен тең емес.
知之者不如好之者,好之者不如乐之者。
«Лунь юй» («论语», Әңгімелер мен ойлар), VI кітап
Конфуций мұнда оқу/үйрену/іс-әрекеттің үш деңгейін салыстырады:
知之者 (білетін адам) → тек біледі, түсінеді, міндет деп санайды
好之者 (ұнататын/сүйетін адам) → шынымен қызығады, өз еркімен ізденеді
乐之者 (одан ләззат алатын/қуанатын адам) → ішкі қуанышпен, рахаттанып, өмірлік қажеттілік сияқты шұғылданады
Ең жоғары деңгей — үшінші, яғни 乐之 (ләззат алу, қуану, рахаттану).
Білім – дайын жауап емес, дұрыс сұрақ қоя білу қабілеті.
Ілмектер: білім, жауап, сұрақ, дұрыс Интернет
«Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы.» — Әл-Фараби
Ілмектер: жау, білім, Тәрбие, адамзат Тлеуғабыл Шырайлым
«Білім — сенің ең мықты қаруың. Ол сені ертеңгі күнге дайындайды.»
Ілмектер: білім алу, білім, еңбек, болашақ, арман Тлеуғабыл Шырайлым
Ақылсыз адамға алтыннан сарай салсаң да, өзін жарлы сезінеді.
Ілмектер: Енбек ету, ақылды болу, надандық, білім Бегалы Амина
Егер кімде-кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны.
Ілмектер: эрудиция, білім, дәреже, төмен, деңгей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Эрнест Хемингуэй
Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.
Ілмектер: халық, кемел, өркендеу, азаттық, білім, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Шоқан Уәлиханов
Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің әліпбилері.
Ілмектер: қазақ әдебиеті, әліпби, білім, оқу, Ахмет Байтұрсынұлы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Зейнолла Қабдолов
Пенденің пендеден айырмашылығы — адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!
Ілмектер: адамгершілік, білім, оқы Бауыржан Момышұлы
Ең үздік мотивация — ол бір іске деген шексіз махаббат. Сүю үшін тану керек, тану ішін білу керек.
Ілмектер: Мотивация, махаббат, сүю, тану, білім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Біздің ешқайсымыздың да бойымызда таза ақиқат туралы білім жоқ. Мұндай білім ғылымның өзінде де жоқ.
Ілмектер: білім, ақиқат, ғылым Альфред Адлер
Білім — ғылым емес, тіпті, танымға да жатпайды.
Ілмектер: білім, ғылым, таным Жиль Делез
Көп білу, көркем мінезге апармайды. Егер амал етпесе.
Ілмектер: білім, амал, ой
Көп сөйлеу қадіріңді кетіреді.
Ойдың Нәрі кеппесе.
Ең қызығы — білмеудің өз міндеттері болатындығы. Білімге бой ұрған сайын білімсіздіктің соңы солғұрлым ауыр, өкінішті бола түседі.
Ілмектер: қызық, білім, өкініш Жорж Батай
Білімсіздік дегеніміз — сағыныш.
Ілмектер: білім, сағыныш Жорж Батай
Білімнің шырқау шыңында қашанда бір жаңалық жетіспей тұрады.
Ілмектер: білім, шың, жаңалық Жорж Батай
Қанша жоққа шығаруға тырыссақ та, адамдардың сауатсыздығы, надандығы, жабайылығы біз өмір сүріп жатқан әлемде әлі де көп.
Ілмектер: Адам, білім, оқу, адамдық, сауатсыздық, надандық, жабайылық, өмір, әлем Али Айбекұлы
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі