Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (10) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (19)

Жауап — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "жауап" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Мүмкін, оқырмандардың көпшілігі мұны білгісі келмейтін де шығар, бірақ Достоевский мен Ницще шығармаларында жауап жоқ, сұрақ қана бар.

Ілмектер: сұрақ, жауап, оқырман, Достоевский, Ницще Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Білім – дайын жауап емес, дұрыс сұрақ қоя білу қабілеті.

Ілмектер: білім, жауап, сұрақ, дұрыс Интернет
WhatsApp Telegram

Жауабы көптің — сауалы көп.

Ілмектер: жауап, сауал Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Жануар өмір сүріп жатқанын біліп өмір сүреді. Адам өз өміріне таң қалады да, соған орай сұрақтар қояды: бірақ оларға оның берер жауабы жоқ. Ол өзінің жауабының дұрыстығына сенуі ғана мүмкін: бұл ретте Аристотель мен ең жабайы адамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе де болады.

Ілмектер: жануар, адам, өмір, жауап, сұрақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Ақымақ та жауап күтеді.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, жауап, афоризм, қанатты сөздер Яков Княжнин
WhatsApp Telegram

Осы күні көптеген ірі баспасөз құралдары бір ғана сұраққа жиі жауап іздеуге тырысады: «Бүгін жер бетінде қандай жаман жағдай орын алды?». «Қандай жақсылық болды?» — деген сұрақ бірінші орында емес. Өкінішті…

Ілмектер: баспасөз, сұрақ, жауап, жер, жаман, жағдай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өкініш Илон Маск
WhatsApp Telegram

Менен «Не үшін күресіп жатырмыз?» деп жиі сұрайды. Менің жауабым: «Күресіп болғаннан кейін білесіңдер».

Ілмектер: күрес, сұрақ, жауап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Қашан да балаға құлақ салып, сұрақтарына жауап беріңіз.

Ілмектер: бала, сұрақ, жауап, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори
WhatsApp Telegram

Сіз қарсыласыңыздың ойымен мүлдем келіспей тұрсаңыз да, әрқашан жауабыңызды болымды түрде бастаңыз.

Ілмектер: ой, жауап, қарсылас Стив Джобс
WhatsApp Telegram

Ханға жауап айтпасам — ханның көңілі қайтады,
Қандыра жауап айтпасам — халқым не деп айтады.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жауап Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.

Ілмектер: жауап, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
Қайтарар жауабың да қысқа болсын.

Ілмектер: жауап, сөйлеу, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Мың қарғаға — бір кесек.

Ілмектер: қарға, жауап Қашаған Күржіманұлы
WhatsApp Telegram

Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.

Ілмектер: жауап, үнсіздік, алтын Мұхаммед Әли
WhatsApp Telegram

Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.

Ілмектер: ақыл, ақылды, жауап Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Сауалы бұйрық тектіге – солқылдақ жауап жүрмеген.

Ілмектер: сауал, бұйрық, жауап Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Кей кезде қойған сұрағыңызға бірден жауап ала алмайтыныңызды түсінуіңіз керек.

Ілмектер: сұрақ, жауап Ник Вуйчич
WhatsApp Telegram

Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.

Ілмектер: еңбек, адам, сұрақ, жауап Шыңғыс Айтматов
WhatsApp Telegram

Мен адамдардығы әзіл-қалжыңды бағалаймын, себебі бұл біздің барлық әділетсіздік пен оңбағандыққа қарсы жалғыз қаруымыз.

Ілмектер: адамдар, әзіл-қалжың, әділетсіздік, қару, жауап Пьер Ришар
WhatsApp Telegram