Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (36)

"сөйлеу" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "сөйлеу" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қысқа, нұсқа сөйле. Даусың анық болсын.

Ілмектер: дауыс, сөйлеу Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамдар кейде қарсы жүріп келіп жатып та — бір-бірімен жүздеспей өте шығады, екеуара сөйлесіп тұрып та — ешкімге арнамай сөйлей береді.

Ілмектер: сөйлеу, адам, жүздесу Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Сөйлеу — өзіңше білемін деп ойлау.

Ілмектер: сөйлеу, білу Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Бала тілі шықпай жатып-ақ сөйлей бастайды.

Ілмектер: бала, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сөйлеу Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Үнсіз отыра алмас, сөйлеп те жарытпас.

Ілмектер: сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Білетіндер сөйлемейді, сөйлейтіндер білмейді.

Ілмектер: сөйлеу, білу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лao-цзы
WhatsApp Telegram

Әдемі сөйлейтіндердің көбі, әдепсіз қылықтарға барады.

Ілмектер: әдеп, қылық, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс ол адам. Əлем, ғалам үшін сіздің əрбір ойыңыз – сөз, ал əрбір сөзіңіз – заң. Ой дегеніміз ол сіз ғана еститін ішкі сөздер.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сөйлеу, жаратылыс, адам, Әлем, ғалам, ой, сөз, Заң Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ақылды жүрекпен сезіп, аз сөйлеп оймен жеткізер.
Ақылсыз мұрынмен сезіп, көп сөйлеп тілмен жеткізер.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, ақыл, ақылды, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, жүрек, мұрын, тіл, сөйлеу, сезім Али Динабеков
WhatsApp Telegram

Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.

Ілмектер: аз, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Екi құлақ пен бiр тiл көп тыңдап, аз сөйлеу үшiн берiлген.

Ілмектер: құлақ, тіл, тыңдау, аз, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Зенон
WhatsApp Telegram

Мен сенi көруiм үшiн, сөйлегiн.

Ілмектер: көру, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
WhatsApp Telegram

Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.

Ілмектер: ойлау, ой, сөйлеу, жетілген, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Неғұрлым аз сөйлесең, соғұрлым көбiрек жұмыс iстейсiң.

Ілмектер: аз, көп, жұмыс, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Ойлау мен сөйлеудің арасында біраз қашықтық бар.

Ілмектер: ойлау, ой, сөз, сөйлеу, қашықтық, нақыл, афоризм Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Адамдар қалай сөйлеудi үйренедi, ал ең басты ғылым — қалай және қашан үндемеудi бiлу.

Ілмектер: адам, сөйлеу, ғылым, үндемеу, Лев Толстой, афоризм, нақыл Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы - аз сөйлеу және жақсы мiнездi болу.

Ілмектер: Ғибадат, сөйлеу, мiнез Хадис шәриф
WhatsApp Telegram

Адамдарға ықпал етудің құпиясы сөйлей білуде емес, жақсы тыңдаушы бола білуде.

Ілмектер: сөйлеу, тыңдау, ықпал, сөйлей білу, Қоғам Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз.

Ілмектер: әңгіме, бала, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.

Ілмектер: жетістік, сөйлеу, нақыл, афоризм Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram