Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (33) Ұлағатты сөздер (12)

"құлақ" туралы Ұлағатты сөздер

"құлақ" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "құлақ" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту, басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

Ілмектер: адам, көз, құлақ, есту, жүрек, сезім Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім.

Ілмектер: ел, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сыр, жыр, құлақ Ілияс Жансүгіров
WhatsApp Telegram

Жаны дөрекінің көзі мен құлағы да сенімсіз куәлар.

Ілмектер: көз, құлақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дөрекілік Гераклит
WhatsApp Telegram

Көз — құлақтан көрі сенімділеу айғақ.

Ілмектер: көз, құлақ, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, айғақ Гераклит
WhatsApp Telegram

Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады.

Ілмектер: қанатты сөз, құлақ, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі

Ілмектер: Газет, халық, көз, құлақ, тіл, наықл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Іштегі сыр Аллаға мағлұм: сырттағы құлақ амал емей немене.

Ілмектер: сыр, Алла, құлақ, амал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Екi құлақ пен бiр тiл көп тыңдап, аз сөйлеу үшiн берiлген.

Ілмектер: құлақ, тіл, тыңдау, аз, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Зенон
WhatsApp Telegram

Егер рухы жабайы болса, оның көзі мен құлағы жаман хабар береді.

Ілмектер: рух, жабайы, көз, құлақ, нақыл, афоризм Гераклит
WhatsApp Telegram

Көз құлаққа қарағанда әділ куәлік етеді.

Ілмектер: көз, құлақ, куә, куәгер, әділ, әділет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
WhatsApp Telegram

Құлақ сарсытқан көп сөз.

Ілмектер: құлақ, сөз Тоқсары
WhatsApp Telegram

Құлақ екеу, ауыз біреу.
Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.
Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?
Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай.
Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай?
Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай.

Ілмектер: сөйлеу, көру, жаратқан, құлақ, көз Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram