Эссе және өлең-жыр байқауы
*

Нақыл сөздері

Босанарын біліп тұрып, байлауға түскен батылдыққа жатпайды.

Ілмектер: батылдық, ерлік, нақыл, афоризм Тоқсары

Адамдардың көпшілігі жел оңынан тұрып, тымықта жүзіп келе жатқанда — қасындағыларды "қызық-қуанышты тең бөліспедіңдер" деп кінәлауға шебер келеді, ал сәл дауыл тұрса болды — оларды қашан көргенін ұмытып, жансауғалауға көшеді.

Ілмектер: адам, өмір, кінә Тоқсары

Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.

Ілмектер: сатқындық, дос, достық Тоқсары

Рух өлмейді, рух көшеді.

Ілмектер: рух Тоқсары

Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.

Ілмектер: сөз, сайыс, тіл Тоқсары

Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кімбілген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар».

Ілмектер: дос, бала Тоқсары

Сейсенге сенсең - маған сен.

Ілмектер: сенім, достық Тоқсары

Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.

Ілмектер: достық, бала, ойын Тоқсары

Құлақ сарсытқан көп сөз.

Ілмектер: құлақ, сөз Тоқсары

Ерлігі бар - елге жағар.

Ілмектер: ел, батырлық, ерлік Тоқсары

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.

Ілмектер: қонақ, достық, қонақжайлық, үй, борыш Тоқсары

Құдалық та - достықтың дәнекері.

Ілмектер: құдалық, достық Тоқсары

Ерлік жасағанның атасын сұрап алалмас болар.

Ілмектер: ерлік Тоқсары

Қызыл сөзге салыну - қызған отқа қарылу.

Ілмектер: сөз Тоқсары

Өмір - самал, ажал - амал.

Ілмектер: өмір, ажал Тоқсары

Дос көп болмайды.

Ілмектер: дос Тоқсары

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.

Ілмектер: дос, достық, адалдық Тоқсары

Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.

Ілмектер: адам, туыс, қан, іс, жақсы Тоқсары

Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.

Ілмектер: дос, мал, дүние, мақтану Тоқсары

Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені.

Ілмектер: дос, ар Тоқсары

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...