Барлығы: 18 494
Бұл бөлімде ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер және қазақша әзілдер бір жерде жинақталған. Мұнда өмір, адам, тәрбие, білім, достық және күнделікті тіршілік туралы мағыналы сөздер, халық даналығы мен көңіл көтеретін мәтіндер ұсынылады.
Егер сіз дана сөздер, нақыл сөздер, тәрбиелік мәні бар мақал мәтелдер немесе қызықты қазақша әзілдер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Барлық материалдар тұрақты түрде толықтырылып, жаңартылып отырады.
Кейде бір сөйлем жылдар бойы іздеп жүрген сұрағыма нүкте қояды.
Ілмектер: кітап, мағыналы сөз, сұрақ пен жауап, афоризм Азамат Төре
Мен кітапты ақылды болу үшін емес, өзімнің қай жерде қателескенімді түсіну үшін оқимын.
Ілмектер: кітап, қателік, өзін-өзі дамыту, сабақ Азамат Төре
Біреудің жылдарын бір-екі кеште оқып шығу — кітапта ғана бар.
Ілмектер: кітап, кітап оқу, өмірлік тәжірибе, афоризм, білім, уақыт, кітап туралы Азамат Төре
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында.
Ілмектер: жылау, әйел, жеңілдеу, еркек, көз жас, қорқу Салтанат Айдарбекова
Өкінішсіз еске алатын естеліктеріміз көп болғай! Адам қай жерде жүрсе де өсемін, өнемін деп жүреді. Дегенмен тағдыр талайың сен мүлде күтпеген тосын сыйлар дайындауы мүмкін. Әрдайым жақсы хабарымызбен бөлісейік!
Ілмектер: өкініш, естелік, өсу, тағдыр, сый Салтанат Айдарбекова
Неге осы адамдар қолда барды бағалай алмай, уыстан шығып кеткенде барып сандарын соғады? Ол кезде өкін, мейлі, өкінбе ештеңе өзгермейді. Бір емес, бірнеше рет сүрінген тасты жолыңнан алып тастай алмасаң, өз обалың өзіңе, омақаса құлап тыныш табасың. Өткеніңді ұмытпай, жаңа өмір бастаймын деу бекершілік, өткен өміріңдегі адамдарды қазіргі адамдармен салыстыру да дұрыс емес. Жас кезде білместікпен жасаған қателігің кешірімді шығар, ес кіргенде тағы да қателесу – ақымақтық!
Ілмектер: бағалау, өкініш, тас, жол, өмір, қателік, ақымақтық Салтанат Айдарбекова
Тамыр-танысты жағалап, қойны-қонышыңа кіріп өзеуреп, керек кезінде табаныңды жалап, өз діттеген мақсатына жеткенде өзі болып, өзі толғандай, танауын көкке шүйіріп, адам танымай қалатын екі аяқтыларды түсінбей-ақ өтетін шығармын! «Көрмеп пе едім ордаңды, түбі тесік дорбаңды» деп атам қазақ қалай тауып айтқан? Өмірде алға ұмтылған жақсы ғой, бірақ атақ, бедел, танымалдылыққа ұмтылып ауыратындар қандай жиіркенішті еді!
Ілмектер: атақ, бедел, танымалдық, мақсат Салтанат Айдарбекова
Бұйығы ойлардан бойды тазарту үшін жаныңа жақын жандармен бірге ой бөліскен мезеттер де кейде жетпей тұрады...
Ілмектер: ой, тазарту Салтанат Айдарбекова
Адам өзінің не іздейтінін, кімді іздейтінін білмесе де қиын екен ғой...
Ілмектер: қиын, іздеу Салтанат Айдарбекова
Осы күнде ешкімге ренжімеймін де, іздемеймін де, тіпті ешкімді сағынбаймын. Күйкі тірлікке көміліп, қарын тойып, ұйқы қанса одан өзге ешбір мұрат-мақсат жоқ тәрізді сиықсыз күндер. Мұндай «тыныштықтан» да жалығады екен адам... Күні кеше тағдырыма төңкеріс жасап, өміріме өзгеріс енгізгім келген. Бәрін тастап, Алматыға тартып кетіп, бақытты қолдан жасағым келді. Алайда, мен бақытсыз емес ем. Олай тәуекел ету қажет емес екенін түсіндім. Бәлкім дәм-тұзы Алматының тартпаған болар...
Ілмектер: реніш, сағыныш, мақсат, күн, тыныштық, тағдыр, өмір, бақыт, тәуекел Салтанат Айдарбекова
Шын сағынып іздеген күндерімді, өтім жарылардай қызғанған мезеттерімді, өкпем ісіне ренжіген сәттерімді, жабыққанда жанымнан жанұшыра іздеген кездерімді, тіпті жанарымның жасын көлдете нақақ жас төккен шақтарды да аңсайды екен адам...
Ілмектер: сағыныш, қызғаныш, реніш, аңсау Салтанат Айдарбекова
Біреуді сағыну, әлдекімді іздеу, әлдебіреуге өкпелеу... Осының бәрі керемет, иә?..
Ілмектер: сағыныш, өкпе, керемет Салтанат Айдарбекова
Адамдардың бояусыз түрін көру емес, маскасыз түрін көру қорқынышты... Қорқыныштысы сол – оларға деген сый-құрметің, достығың, ізгі ниетің күл-талқан болады. Одан кейін пенде шіркінге сеніп көр... Сумен жуып тазарта алмайтын ең басты құндылық – арың мен көңілің!
Ілмектер: адам, маска, қорқыныш, сый, құрмет, достық, ниет, құндылық, ар, көңіл Салтанат Айдарбекова
Білесің бе, кей естеліктер тым ауыр...бірақ одан не айналып өтіп, не қашып кете алмайсың...
Ілмектер: естелік, ауыр Салтанат Айдарбекова
Кейде осылай ұзақ жол жүргім келеді, өз-өзіңмен бетпе-бет келіп, ой таразысына бүкіл тіршілігіңді тартқанда өз бағаңның қаншалықты екенін іштей аңғарасың...
Ілмектер: жол, ой, баға Салтанат Айдарбекова
Аппақ әлем, аппақ дүние! Ақ қарға оранған кіршіксіз тап-таза табиғат маужырай керіліп, паңдана қарайтындай. Біз де осылай кіршіксіз осы әлемге келген едік-ау... Бірақ сол тазалығымызды сақтай алдық па?
Ілмектер: дүние, тазалық, әлем, табиғат Салтанат Айдарбекова
Ұлт мәдениеті – рухымыздың темір – қазығы, алтын ордасы.
Ілмектер: Ұлт, мәдениет, рух, темір, қазық Әбілда Аймақ
Ауыз әдебиеті – бүкіл өмірімнің азығы.
Ілмектер: ауыз әдебиеті, өмір, азық Әбілда Аймақ
Ақын-жазушылардың әдебиеттегі орны Қазақстан Жазушылар Одағына өтуімен өлшенбейді. Тіпті олардың қазақ әдебиетіндегі орны наградалармен де, басқалай марапаттармен де өлшенбейді. Қай ақын-жазушының болсын әдебиеттегі орны ең алдымен оның талантымен өлшенеді.
Ілмектер: Ақын, жазушы, талант, награда, әдебиет, марапат, Қазақстан Жазушылар Одағы Әбілда Аймақ
Сіңіп кеткен өлеңге жастайымнан, адам емес машайық шығармын-ау.
Ілмектер: өлең Әбілда Аймақ
Көріп сені өзіңе бас ұрдым, жаным,
Ілмектер: махаббат, тағдыр Әбілда Аймақ
Тәрік етіп жолыңа асылдың бәрін.
Тағдыры бөлек жан едің өзіме ұқсас
Бетіңнен сүйіп, быт-шыт боп шашылдым, жаным.
Жетпейді қу жүректің дертіне түк,
Ілмектер: айла, амал, жүрек, дерт Әбілда Аймақ
Шоқ қалған Каләндардың өрті кетіп.
Айла да, амал таппай өзімді-өзім
Болғаны жібермесем тентіретіп.
Қай сөзді аңдып бүгінде кімді елейін,
Ілмектер: сөз, ақ, қара, үндемеу Әбілда Аймақ
Ішімде өлсін бәрі де үндемейін.
Ақ пен қара тартысып өтеді екен,
Әлімсақтан ақырғы күнге дейін.
Шымкент – біздің бал махаббатымызға да, қуанышымызға да, мұңымызға да, тіпті қайғымызға да ортақ, пендеге тән тіршіліктегі қым-қиғаш тіршілігіміздің қалай өтіп жатқанына да куә қала. Сол себепті де Шымкент бізге, тұрғындарына оттан да ыстық. Өйткені Шымкент – біздің күн шуақты Отанымыз.
Ілмектер: Шымкент, қала, отан, махаббат, қуаныш Әбілда Аймақ
Дүниеде ақын да бар, жазушы да бар. Сонымен қатар, суреткер де бар. Егер қаламынан суреткерлік туындамаса, ол ақын да, жазушы да емес. Ол кәдімгі баяндаушы.
Ілмектер: дүние, ақын, жазушы, суреткер, қалам, баяндаушы Әбілда Аймақ
Өмірде отты да – мен,текті де – мен,
Ілмектер: Өмір, бақыт Әбілда Аймақ
Әруақты, арқалы да, епті де – мен.
Сырт көзге өтенім бар, бақыттымын,
Ендеше, неге ғана көп түнерем.
Темірлан – ежелден сал-серілердің мекені.
Ілмектер: патша, өлең, сөз өнері Әбілда Аймақ
«Өлең – сөздің патшасы». Бұл сөзді данышпан Абай айтқан. Өлеңді бүкіл сөз өнерінің патшасына айналдыру оңай емес. Өлеңді патшаға айналдыру үшін өзің де патша болуың қажет болар. Сөз өнерінде өзін патша сезінген Абайлар. Осы патша өнерге ғашық болып, сөз әлемінде патша болғысы келетіндер көп. Көбісі патша түгілі сөз өнерінің қолына су құюға да жарамай жүр.
Әдебиетіміздің келешегін тек жазушылар ғана емес, бүкіл қоғам болып ойлануымыз қажет.
Ілмектер: әдебиет, келешек, жазушы, қоғам Әбілда Аймақ
Дүмшеден дәріс алған дүмше болады. Әдебиеттегі дүмшелер көркем дүниеге барынша кесірін тигізіп келеді.
Ілмектер: дүмше, Дәріс, әдебиет, кесір Әбілда Аймақ
Қанша өзімшіл болмайын десең де, мерейіңнің басқалардан үстем тұруын қалайды екенсің. Бұл да бір жұмбақ!
Ілмектер: мерей, үстемдік, өзімшілдік Шалқар Әбіш
Бұл бетте ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер және қазақша әзілдер бір жерде жинақталған.
Бөлім тұрақты түрде жаңартылып, жаңа мағыналы сөздер мен қызықты мәтіндермен толықтырылып отырады.
Бұл бетте ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер және қазақша әзілдер бір бөлімге топтастырылып берілген.
Иә, осы беттен ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер және қазақша әзілдер бөлімдеріне жеке өтуге болады.
Иә, бөлімдер тұрақты түрде толықтырылып, жаңа мазмұндармен жаңартылып отырады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі