Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (32) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (7)

Ғұмыр — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "ғұмыр" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Голландиялық үшін дамба дегеніміз — оның ұлттық ғұмырының басы мен аяғы: содан болар, ер адамдардың көпшілігі дамбаға ұқсайды.

Ілмектер: дамба, ұлт, ғұмыр Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Жақсы өткізген күніңнің тыныш ұйқы сыйлайтыны секілді, елге пайдалы сүрген ғұмырың да тыныш өлім сыйлайды.

Ілмектер: өмір, өлім, ғұмыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұйқы Леонардо да Винчи
WhatsApp Telegram

Адам өзінің ғұмырында ешқандай рөл атқармайтын нәрселердің алдында таңғалып тұра қалады: ұстауға келмейтін сәуленің шағылуы алдында, тұқым себуге болмайтын тік жартастар алдында, аспанның ғажайып түр-түсі алдында.

Ілмектер: ғұмыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таңғалу Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.

Ілмектер: ғұмыр, өмір, нақыл, афоризм, өнер Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі.

Ілмектер: тіл, халық, жол, ғұмыр, тарих, куәгер Сарсен Аманжолов
WhatsApp Telegram

Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Ілмектер: білім, ғұмыр Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Ілмектер: тамақ, қанағат, ғұмыр Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram