Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (14)

Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Ілмектер: қанағат, адал, еңбек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Ілмектер: бақыт, қанағат Аристотель

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.

Ілмектер: білім, қазына, қанағат Мұзафар Әлімбаев

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.

Ілмектер: қанағат, табиғат Мұхтар Әуезов

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Ілмектер: тамақ, қанағат, ғұмыр Уильям Шекспир

Байлық — қанағат пен еңбекте.

Ілмектер: байлық, қанағат, еңбек Ыбырай Алтынсарин

Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолмен белсе де,
Қызықты күн қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де —
Өмірге тоймас адамзат!

Ілмектер: өмір, адам, әлем, қызық, қанағат Бұқар жырау

Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу — ой мешеулігі.

Ілмектер: қанағат, ой Ғабиден Мұстафин

Не пайда күш жоқ болса, нарлығыңнан,
Пайда жоқ, кең болмасаң, тарлығыңнан.
Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.

Ілмектер: Пайда, қанағат Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Ілмектер: қанағат, жамандау Асан қайғы

Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.

Ілмектер: сарай, афоризм, үй, қанағат Жиренше шешен

Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың.

Ілмектер: жұмыс, қанағат Ыбырай Алтынсарин

Мазасыздық пен қанағаттанбаушылық — дамудың алғашқы шарты.

Ілмектер: Мазасыздық, қанағаттанбаушылық, қанағат, даму, шарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...