Сүйінбай Аронұлы нақыл сөздері

Сүйінбай Аронұлы нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Сүйінбай Аронұлы дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,
Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,
Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,
Итке тастау дегенiң осы емес пе?

Ілмектер: арыз, жала, өсек, шеше, ана, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Қыз сипаты:
Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты,
Ақ мандай, жазық қабақ, сүмбіл шашты.
Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік,
Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті.

Ілмектер: Қыз сипаты, нақыл Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

Ілмектер: қанағат, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.

Ілмектер: жұбай, әйел, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.

Ілмектер: өмір, адам Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Ер жігіт – ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Ілмектер: ер, жігіт, пана, әйел, әйел, жұрт, бала, жақсы Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram