Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (6)

"жала" туралы Ұлағатты сөздер

"жала" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жала" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,
Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,
Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,
Итке тастау дегенiң осы емес пе?

Ілмектер: арыз, жала, өсек, шеше, ана, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

Ілмектер: жала, жылан, у, зұлым Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы,
Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы.
Келіншекке жарасар – емшектегі баласы,
Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы,
Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы.

Ілмектер: ағайын, жала, келіншек, қыз, бала, жаман Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Мақтау және жаланы бейжай қабылда,
Ақымақпен ерегіске салынба.

Ілмектер: мақтау, жала, ақымақ, ерегісу Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Жалада шындық болмайды

Ілмектер: жала, жала жабу, шындық Дінмұхамед Қонаев
WhatsApp Telegram