Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (9)

Болашағыңды білгің келсе, қазіргі әрекеттеріңе қара

Ілмектер: болашақ, іс-әрекет Будда

Проблемалар сені депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек.

Ілмектер: проблема, депрессия, іс-әрекет, қиындық Бернард Шоу

Дүние – себеп, ал ақырет – дүние амал-әрекеттерінің салдары.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, дүние, ақырет, амал, іс-әрекет, себеп, салдар Нарша Булгакбаев

Нәтежие белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сонда адам өз болмысының – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылғанын сезінеді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, нәтиже, амал, іс-әрекет, Нүкте, болмыс, мінсіздік, сөйлем, Өмір, мәңгілік, жаратқан, сезім, сезіну Нарша Булгакбаев

Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Қоғам, іс-әрекет, амал, Өмір, ми, шындық туралы, қателік, қиындық, өкініш, шешім, Кінәлау, сенім, түсінік, өмірлік ұстаным Нарша Булгакбаев

Жалпы адамның "Басты Проблемасы" үш процессті дұрыс жасамайды (басқара алмайды) – ақпарат қабылдау, ойлану-сезіну, амал-әрекет ету. Осының салдарынан өзінің жағдайын сылтауратып, мотивация жоқтығынан жалқаулыққа салынады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, проблема, Мотивация, жалқаулық, жағдай, пайдалы ақпараттар, ойлану, сезім, іс-әрекет Нарша Булгакбаев

Өмір қимылды талап етеді.

Ілмектер: қимыл, іс-әрекет, өмір Аристотель

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Ұлы адам болуды күтпей, қазір ұлы болыңыз.

"Do not wait to be a great man; be a great man now."

Бұл сөздер әртүрлі дәйексөздер жинақтарында кездеседі және көбіне Финли Питер Данның сатиралық жазбаларымен байланыстырылады.

PS: Адам өмірде өз мақсатына жетуді немесе пайдалы істерді кейінге қалдырмауы керек. Ұлылық пен маңызды әрекеттерді дәл қазір бастау керек, әрбір сәтті жауапкершілікпен өткізіп, нақты іс-әрекет жасау арқылы жүзеге асыруға болады.

Ілмектер: әрекет, ұлылық, мотивация, Жетістік, кейінге қалдыру, инспирация, дәл қазір істеу, мақсат, жауапкершілік, іс-әрекет Финли Питер Данн