Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Жоспарлар (12) Ұлағатты сөздер (6)

"сөйлем" туралы Ұлағатты сөздер

"сөйлем" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "сөйлем" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Кітаптың тірі организм сияқты жаны бар деп ойлаймын. Себебі оларды ақыл мен жүрек иелері жазды. Кітап дегеніміз сыртқы әсемделген дизайн ғана емес, ойландыруға шақыратын әріптер, сөздер, сөйлемдер, идеялар әлемі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, тірі организмдер, жан, ақыл, жүрек, дизайн, әріп, сөз, сөйлем, идея Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Нәтежие белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сонда адам өз болмысының – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылғанын сезінеді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, нәтиже, амал, іс-әрекет, Нүкте, болмыс, мінсіздік, сөйлем, Өмір, мәңгілік, жаратқан, сезім, сезіну Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Қанша сүмірейткенмен: ой ойнамай — сөйлем жоқ.

Ілмектер: ой, сөйлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады.

Ілмектер: сөйлем, проза, лингвистика, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

7 сөздің басын әзер қосарға 70-ақ сөзден тұратын сөйлем тағылық көрінеді. Мұнысы дұрыс та: ешкі – танауына алма сыяр алпауыттың қарымын қайдан түсінсін.

Ілмектер: сөз, сөйлем Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Ой ойнамай – сөйлем жоқ.

Ілмектер: ой, сөйлем Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram