Ұлтжандылықты ауаның деңгейiне көтерген үш халық болса, екеуi — француздар мен поляктар, екi халық болса, тағы сол екеуi. Ұлтшылдықпен тыныстау — олар үшiн табиғи нәрсе. Парижде қайтқан Шопеннiң жүрегiн Варшавадағы шiркеуге қоюға мирас қылғаны ұмыт қалмайды. Ал Американың жалауына шырылдауы қалай?
Ілмектер: Ұлтжандылық, ауа, халық, Америка, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов
Қазақтың екi «жауы» бар. Бiрi, дос жауы — Абай. Қалғандары — қас жауы.
Ілмектер: қазақ, жау, Абай, дос, қас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, ой-толғау, нақыл сөз Асқар Сүлейменов
Тәрбиенiң еркiндiгi, еркiндiкпен тәрбиелеу, еркiндiктi тәрбиелеу — бұлар транзистордың антеннасындай бiрiнен-бiрi шығатын ұғымдар.
Ілмектер: тәрбие, еркіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов Асқар Сүлейменов
Экономикалық қауiпсiздiктiң мәселесi, ең алдымен, ұлттық қауiпсiздiктiң мәселесi.
Ілмектер: Экономикалық қауiпсiздiк, ұлттық қауiпсiздiк, мәселе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов Асқар Сүлейменов
Қоғамның кеселінің бір емі — оған тіке қарау.
Ілмектер: қоғам, кесел, ем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов
Шындық көп, ақиқат жалқы.
Ілмектер: Шындық, ақиқат, жалқы, Асқар Сүлейменов, қанатты сөздер, ойлар, афоризм, нақыл сөздер, Ұлағатты сөздер Асқар Сүлейменов
Шындық — көп, ақиқат — жалқы.
Ілмектер: шындық, ақиқат, жалқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Тәңірінің бір аты — шындық.
Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Айша Бибінің сағанасындағы жазуды аударса — «Сүмбіле». Су суыды. Өмір — сұмдық».
Ілмектер: Айша бибі, сағана, жазу, аудару, Сүмбіле, су, өмір, сұмдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Тағы да стиль туралы. Мемлекетке тақырыппен, концепциямен қарсы шығар мүмкіндік қалмағанда — көмекке стиль келеді... Жаңа форма, жаңа стилистика іздеу таза эстетиканың иіріміне сүңгу, рухани пластиканы меңгеру — бұлар өзі бағынбаудың энергиясы.
Ілмектер: стиль, мемлекет, тақырып, концепция, форма, эстетика, рухани, бағынбау, энергия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Қанша сүмірейткенмен: ой ойнамай — сөйлем жоқ.
Ілмектер: ой, сөйлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Араға адам жүргенде: менімен тілдескісі келген — менімен өзі сөйлесуі керек.
Ілмектер: адам, тілдесу, сөйлесу Асқар Сүлейменов
Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: А) не біле аламын? Б) не істеуім керек? В) үміт артарым не?
Ілмектер: адам, рухани, ізденіс, сауал, үміт, нақыл Асқар Сүлейменов
Ажал келмейді — ажалға барасың.
Ілмектер: ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Қақсауық бар, ділмар бар, оттампаз бар, шешен бар: төртеуі — төрт жұрттан.
Ілмектер: қақсауық, ділмар, шешен, жұрт, оттампаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Ел дертті — зар шықпаа, тән дертті — зәр шықпаса.
Ілмектер: дерт, зәр, зар, тән Асқар Сүлейменов
Кісілігін жоғалпаса — жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.
Ілмектер: кісілік, жау, кешірім, кешіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Зады, адамның соры — өзін өзгемен өлшеуі.
Ілмектер: адам, сор, өлшеу, салыстыру, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.
Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов
Достық, ең алдымен — еркіндік.
Ілмектер: достық, еркіндік Асқар Сүлейменов
Оқушыны қасқыр көрген тазыдай қалтырат.
Ілмектер: Асқар Сүлейменов, оқушы, таз, қасқыр Асқар Сүлейменов
Мәтіннің дәмін алудың төте жолы – талмай оқу.
Ілмектер: мәтін, оқу, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Асқар Сүлейменов
Қоғамның кеселінің бір емі — оған тіке қарау.
Ілмектер: қоғам, кесел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Түс — күндіз бұққан ойдың ойыны.
Ілмектер: түс, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Отау көтеріп оңаша тұрып алмай достастықтың құшағына қойып кету – саяси логикаға қиналып сыйысады.
Ілмектер: логика, отау, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
Келіншектің сұлу кезі — ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес.
Ілмектер: келіншек, ұйқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Таранбаған әйелде — бір мекиеннің, таранған әйелде — екі мекиеннің миы бар.
Ілмектер: әйел, ми, мый, мекиен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Дін құрыса — тіл сақтайды, тіл құрыса — үн сақтайды, бәрі құрыса — діл сақтайды
Ілмектер: дін, тіл, үн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Ұл өсіріп, қыз асырап отырмыз.
Ілмектер: ұл, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
Пытыра қазақ: шүрегей атады, өзбек – жалғыз оқ: бұлан атады.
Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өзбек Асқар Сүлейменов
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі