Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Ұлағатты сөздер (6)

Эстетика — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "эстетика" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Иіс су өткенді еске түсіреді.

Ілмектер: эстетика Есбол Бозан
WhatsApp Telegram

Эстетика басы артық қосамжарлыққа бейім тұрады.

Ілмектер: эстетика Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Музыканың негізгі міндеті — адамның эстетикалық қажетін өтеу.

Ілмектер: музыка, міндет, эстетика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Тағы да стиль туралы. Мемлекетке тақырыппен, концепциямен қарсы шығар мүмкіндік қалмағанда — көмекке стиль келеді... Жаңа форма, жаңа стилистика іздеу таза эстетиканың иіріміне сүңгу, рухани пластиканы меңгеру — бұлар өзі бағынбаудың энергиясы.

Ілмектер: стиль, мемлекет, тақырып, концепция, форма, эстетика, рухани, бағынбау, энергия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс. Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек.

Ілмектер: тіл, этика, эстетика Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram