Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (115) Өлеңдер (21) Жоспарлар (10) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (10)

"оқушы" туралы Ұлағатты сөздер

"оқушы" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "оқушы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Оқушыны қасқыр көрген тазыдай қалтырат.

Ілмектер: Асқар Сүлейменов, оқушы, таз, қасқыр Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Оқытып жатқан ақпарат оқушыға түсінікті әрі қызықты болу үшін, екі нәрседен аулақ болыңыз: оқушыға ол білмейтін және түсіне алмайтын нәрселер туралы және ол нашар, кейде мұғалімнен көп білетінін айтпаңыздар.

Ілмектер: ақпарат, оқушы, мұғалім Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады.

Ілмектер: сабақ, оқушы, мектеп, кітап, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

Ілмектер: идея, өнер, оқушы, жазушы Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Жақсы мұғалімдер жақсы оқушыларды жасайды.

Ілмектер: мұғалім, оқушы Михаил Васильевич Остроградский
WhatsApp Telegram

Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

Ілмектер: ата-ана, мұғалім, оқушы, тәрбие Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.

Ілмектер: мұғалім, мақтаныш, шәкірт, оқушы Дмитрий Менделеев
WhatsApp Telegram

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, оқушы, сүйіспеншілік Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Ілмектер: мұғалім, білім, мінез, киім, оқушы Мәлік Ғабдуллин
WhatsApp Telegram

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім

Ілмектер: ұстаз, оқушы, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram