Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (4) Ұлағатты сөздер (5)

Мансап — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "мансап" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Мансап деген жаман дерт, болма әуре оны қуып та.

Ілмектер: мансап, дерт Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Сөйлей бiлмейтiн адам мансап биiгiне көтерiлмейдi.

Ілмектер: мансап, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Наполеон Бонапарт
WhatsApp Telegram

Адамға мал мен мансап — жолдас емес.

Ілмектер: жолдас, мал, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram