Ақиық өнерменен түлкi алғанда,
Ілмектер: өнер, түлкі, сауысқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Соңынан шықылықтар сауысқандар.
Көнбейдi жаман адам ынтымаққа,
Ілмектер: жаман, адам, шошқа, айдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Жүрмейдi шошқа жөнге айдағанмен.
Не жесе ит баласы соны құсар.
Ілмектер: ит, жеу, бала, құсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Дәулетiң барда досың толып жатыр,
Ілмектер: дәулет, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тауық, тары, бидай Ақан Сері Қорамсаұлы
Тауық көп тары, бидай шашқан жерде.
Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,
Ілмектер: жақсы, жаман, дәулет, бақ Ақан Сері Қорамсаұлы
Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.
Жаман әйелдің сипаты:
Ілмектер: әйел, сипат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап жылмың қағып.
Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,
Былшылдар ел көзінше байын талап.
Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,
Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадір-баға қалар нағып.
Орамал жерде жатар кірі батпан,
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,
«Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.
Жақсы әйелдің сипаты:
Ілмектер: жақсы әйел, сипат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ.
Қасыңа шақырғанда келсе зулап.
Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
Қара қас, жазық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.
Мінезі майдай еріткен қорғасындай,
Келсе де ерте-кешті бір мінезді.
Жүзінің ақ аралас, қызыл беті,
Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.
Болған да тісі аппақ, пісте мұрын,
Ауызы қалжың сөзге болса епті.
Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,
Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.
Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал тұрғыны қасын керіп.
Бұл дүние — баяны жоқ бір кең сарай.
Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сарай Ақан Сері Қорамсаұлы
Пенденің жетпес көзі келесіге,
Ілмектер: тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Ібілістің кірмеу керек егесіне.
Көңілді ықыласпен хаққа қойдым,
Міну шарт тәуекелдің кемесіне.
Нәпсі — дария.
Ілмектер: нәпсі, дария, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Кісі өлтірген, батырлық, ұрлық-қарлық — кітапта мұның бәрін дейді бұзық.
Ілмектер: батырлық, ұрлық-қарлық, кітап, бұзық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Бұл заманның тамыры-құдандасы –
Ілмектер: заман, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Әуелі арбау менен ойлар сұмдық.
Құдайдың бұйырмаған нәрсесіне,
Кіріптар боп жүреді адам мұңлық.
Жылпос — майдай жағылар.
Ілмектер: жылпос, нақыл, афоризм, май, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Тоқтау — сабыр лайық нәпсі тиып.
Ілмектер: тоқтау, сабыр, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Адамға мал мен мансап — жолдас емес.
Ілмектер: жолдас, мал, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Жақсы жолдас сыр шашпас.
Ілмектер: жолдас, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Сыпайы сырттан мақтар.
Ілмектер: сыпайылық, сыпайы, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Астан — жілік, тойдан — ілік.
Ілмектер: ас, той, жілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Жүрек сұлтан нәпсіге.
Ілмектер: жүрек, нәпсі, сұлтан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.
Ілмектер: құс, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі