Шапса да қанша жүйрік біреу озар, Болмайды кіл үмітті қосқан жерде. Билер көп төр алдында сөзін созар, Жол табар көсем қайта қысқан жерде. Ілмектер: жүйрік, үміт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Шапса да қанша жүйрік біреу озар, Болмайды кіл үмітті қосқан жерде. Билер көп төр алдында сөзін созар, Жол табар көсем қайта қысқан жерде.
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. — Жиренше шешен үміт, жас
Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен. — Бауыржан Момышұлы сенім, ата-ана
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. — Уильям Шекспир жетістік, ереже
Науқастың көңілін сұрауға барғанда оған өмірі және ауруы туралы жақсы нәрселер айтып, үміт отын оятыңдар. — Хадис шәриф науқас, ауру
Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады. — Бауыржан Момышұлы үміт
Қалжыраған тән мен қасірет шеккен жан үшін үміттен асқан даруды ешбір дәрігер таба алмас. — Стефан Цвейг үміт, қасірет
Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат! — Бұқар жырау ажал, үміт
Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек — Жүсіпбек Аймауытов адам, ажал
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі