Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат! Ілмектер: ажал, үміт, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат!
Оте керемет олен маган унады
Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен. — Бұқар жырау өмір, ажал
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді. — Қазыбек Келдібекұлы ауру, ажал
Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң, Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң, Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң. — Төле би Әлібекұлы өмір, туысқан
Ажал жетпей - өлмек жоқ. — Қорқыт ата ажал, өмір
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. — Жиренше шешен үміт, жас
Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен. — Бауыржан Момышұлы сенім, ата-ана
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. — Уильям Шекспир жетістік, ереже
Науқастың көңілін сұрауға барғанда оған өмірі және ауруы туралы жақсы нәрселер айтып, үміт отын оятыңдар. — Хадис шәриф науқас, ауру
Анар
Оте керемет олен маган унады