Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (7)

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Ілмектер: ағайын, туыс, туысқан, жақсы, жаман, көре алмаушылық Шалкиіз Тіленшіұлы

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Ілмектер: Отан, отбасы, адам, туысқан, сүйіспеншілік Нұрсұлтан Назарбаев

Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі.

Ілмектер: дұшпан, туыс, туысқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң,
Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң,
Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң.

Ілмектер: өмір, туысқан, дәурен, ажал Төле би Әлібекұлы

Біреудің қуанышына қуана алған, қайғысына қайғыра алған — туысынан ізгі адам.

Ілмектер: қуаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайғы, туыс, туысқан, ізгілік Үнді даналығы

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су, дария, ағын су, Әйтеке би, әйтеке бидің шешендігі, туысқан, Әйтеке, би Әйтеке би

Өзіне-өзі қол салу көбіне туған-туысқандары мен достарының жанына жара салу немесе шын əлде жалған жеңіліс үшін кек алу əрекеті болып шығады.

Ілмектер: туысқан, Өз-өзіне қол жұмсау, дос, жеңіліс Альфред Адлер