Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (21) Мақал-мәтелдер (104) Ұлағатты сөздер (18) Әзіл, анекдоттар (1)

Ағайын — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "ағайын" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар.

Ілмектер: ағайын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, туыс, қамқор, дәнекер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды.

Ілмектер: ағайын, туыс, көре алмаушылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Инабатты болса – әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса – шал көрікті,
Сүйікті болса – ағайын көрікті.

Ілмектер: инабат, көрік, ағайын Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,
Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: қазақ, қадір, ер, ағайын, жат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: абысын, туыс, ағайын, ел, арыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Іні — ағаның тынысы.

Ілмектер: іні, ағайын, аға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әйтеке би
WhatsApp Telegram

«Ағайын» десе - шақ қарадық,
«Қайын» десе - жалт қарадық.

Ілмектер: ағайын, қайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Махмұд Қашқари Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

Ілмектер: туыс, ағайын, отбасы, жанұя
WhatsApp Telegram

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.
Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Ілмектер: дүние, өмір, туыс, ағайын, алдау Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы,
Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы.
Келіншекке жарасар – емшектегі баласы,
Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы,
Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы.

Ілмектер: ағайын, жала, келіншек, қыз, бала, жаман Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: туған, туыс, абысын, ағайын, ел Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Тату болса – ағайын жақын,
Адал болса – дос жақын.

Ілмектер: ағайын, адал, дос, татулық Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Ілмектер: ағайын, туыс, туысқан, жақсы, жаман, көре алмаушылық Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.

Ілмектер: бала, ағайын Мөңке би
WhatsApp Telegram