Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (9) Әзіл, анекдоттар (1)

"жат" туралы Ұлағатты сөздер

"жат" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жат" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады, сондықтан жағдайыңыз қандай болса да көрініп қойыңыз, тығылмаңыз, қашпаңыз, сізге көмектеседі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, өлім, жат, жағдай, көмек Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

Ілмектер: жат, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайыршылық, бай, мақтау, қарғыс Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,
Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: қазақ, қадір, ер, ағайын, жат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Жар басына қонбаңыз — дауыл соқса үй кетер,
Жатқа тізгін бермеңіз — жаламенен бас кетер.

Ілмектер: жар, жат Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.

Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер
WhatsApp Telegram

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін.

Ілмектер: жат, бірлік Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Жеріңді жат баспағай.

Ілмектер: жат, өсиет, тағлым Тоныкөк
WhatsApp Telegram

Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.

Ілмектер: жат, бала, ішу, жеу Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.

Ілмектер: ана тілі, қате, жат, сөйлеу Халел Досмұхамедұлы
WhatsApp Telegram