Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (24) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (233) Ұлағатты сөздер (7)

"тағам" туралы Ұлағатты сөздер

"тағам" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "тағам" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қызыл кітапқа кірген жануарлар аз да, дәмді, пайдалы тағам туралы Кітапқа енгендері — өте көп.

Ілмектер: қызыл кітап, жануар, дәмді, пайдалы, тағам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская
WhatsApp Telegram

Ақымақ не жесе де тамсана береді.

Ілмектер: ақымақ, ас, тағам, тамсану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
WhatsApp Telegram

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.

Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер
WhatsApp Telegram

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю
WhatsApp Telegram

Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін.

Ілмектер: күріш, дән, тағам Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Арам табақтан адал ас өтпейді.

Ілмектер: арам, тағам, ас Жанақ Сағындықұлы
WhatsApp Telegram

Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ
WhatsApp Telegram