Ыбырай Жақаев нақыл сөздері

Ыбырай Жақаев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Ыбырай Жақаев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері

Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан да, әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!

Ілмектер: өмір, адам, нақыл Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін.

Ілмектер: күріш, дән, тағам Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.

Ілмектер: табиғат, міндет, қорғау, жер, су, ауа, ағаш, қазына, нақыл, афоризм Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Еңбек — ырыстың қазығы.

Ілмектер: еңбек, ырыс Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. Соның тілін тауып, соған қызмет қыла біл.

Ілмектер: еңбек, қызмет, көпшілік Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,
Қарттыққа аяғын алдырмағаны.

Ілмектер: еңбек, қарт, кәрілік Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram