Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (20) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (2)

Уақыт төрт затта жақсы білінеді: ескі ағаш жаңғанға жақсы, ескі вино ішкенге жақсы, ескі дос сенгенге жақсы, ескі автор оқығанға жақсы.

Ілмектер: уақыт, дос, ағаш, ескі Фрэнсис Бэкон

Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.

Ілмектер: көркі, адам, ағаш, жеміс Саиф Сараи

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.

Ілмектер: табиғат, міндет, қорғау, жер, су, ауа, ағаш, қазына, нақыл, афоризм Ыбырай Жақаев

Жемісі бар ағашқа ғана тас атады.

Ілмектер: нақыл, қанатты сөздер, ағаш, Дейл Карнеги Дейл Карнеги

Сіз ағашқа қарап тұрып оның алыптығы мен күшіне қайран қаласыз, ал кішкентай гүлді қош иістен басқа берері жоқ деп сөге көрмеңіз.

Ілмектер: ағаш, гүл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алып, күш, кішкентай, қош иіс Теодор Драйзер

Өз iстерiңмен айналысқанда ағаш кесушiлерге ағаш айтыпты деген бiр сөздi естерiңде ұстаңдар: «Егер сендердiң қолдарыңда менiң денемнiң бiр бөлiгi болмағанда, сендер ешқашан менi құлата алмас едiңдер».

Ілмектер: ағаш, іс, дене, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахикар

Еске алудың өзі ағашқа ұқсайды: ол уақыт өте келе тамыр алады және онымен бірге өседі, барған сайын керемет болады.

Ілмектер: Еске алу, ағаш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тамыр, керемет Харс Йенсен

Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік, Ата-ананың достығын үйретейік... Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!

Ілмектер: су, тазалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ата-ана, бала, тәрбие, ағаш, күн, мейірім, махаббат Ғабит Мүсірепов

Ағаш бұтағы жемісі басқан сайын, ақылды бас толған сайын иіледі.

Ілмектер: ағаш, бұтақ, аықл, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Бойы биік, көлеңкесі шағын, бойы аласа, көлеңкесі көлемді ағаштар бар. Адам да сол сияқты. Бойың биік болғанша, ойың биік болсын, көлеңкең шағын болғанша, бойың шағын болсын.

Ілмектер: ағаш, адам, көлеңке, бой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой Ғабиден Мұстафин

×