Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "керемет" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Біреуді сағыну, әлдекімді іздеу, әлдебіреуге өкпелеу... Осының бәрі керемет, иә?..
Ілмектер: сағыныш, өкпе, керемет Салтанат Айдарбекова
Мектеп қалай бақытты өмір сүруді үйретпейді. Балаға болашақта қайта іздену қажет ғылымды жай ғана таныстырып шығады. Жақсы оқу ғибратты өмірге гарантия бермейді. Гарантия беретін жалғыз ақиқат — Жаратушының өмір заңдары мен адамзаттың пайдасына жараған ғылым.
Ілмектер: Мектеп, өмір, бала, бақыт, болашақ, ғылым, оқу, керемет, өмір, гарантия, ақиқат, жалғыз, Жаратушы, заң, адамзат, пайда, ғибрат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Мектеп қалай дұрыс өмір сүруді үйретпейді. Өмірді жай ғана таныстырып шығады. Жақсы оқыған жақсы. Бірақ ол керемет өмірге гарантия емес.
Ілмектер: Мектеп, өмір, дұрыс, танысу, жақсы, оқу, керемет, гарантия Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
Еске алудың өзі ағашқа ұқсайды: ол уақыт өте келе тамыр алады және онымен бірге өседі, барған сайын керемет болады.
Ілмектер: Еске алу, ағаш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тамыр, керемет Харс Йенсен
Өнердің кереметтігі — ештеңені ашып айтпасаң да, бәрін астарлап жеткізуде.
Ілмектер: Өнер, керемет, астарлап айту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
Адамның кереметтігі оның бір істі даңққа бөленердей баршадан артық істеуі. Ал, тобыр сиыр секілді тойынғанға ғана құштар.
Ілмектер: адам, керемет, сиыр, құштарлық, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
Егер бір адам керемет болса, мен үшін ол түменге (10 000 адамға) татиды.
Ілмектер: адам, керемет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.
Ілмектер: бақыт, күш, кітап, нақыл, афоризм, керемет, қанатты сөздер Максим Горький
Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес
Ілмектер: ақша, өмір, керемет Альберт Эйнштейн
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі