Салтанат Айдарбекова нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Салтанат Айдарбекова дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында.
Ілмектер: жылау, әйел, жеңілдеу, еркек, көз жас, қорқу Салтанат Айдарбекова
Өкінішсіз еске алатын естеліктеріміз көп болғай! Адам қай жерде жүрсе де өсемін, өнемін деп жүреді. Дегенмен тағдыр талайың сен мүлде күтпеген тосын сыйлар дайындауы мүмкін. Әрдайым жақсы хабарымызбен бөлісейік!
Ілмектер: өкініш, естелік, өсу, тағдыр, сый Салтанат Айдарбекова
Неге осы адамдар қолда барды бағалай алмай, уыстан шығып кеткенде барып сандарын соғады? Ол кезде өкін, мейлі, өкінбе ештеңе өзгермейді. Бір емес, бірнеше рет сүрінген тасты жолыңнан алып тастай алмасаң, өз обалың өзіңе, омақаса құлап тыныш табасың. Өткеніңді ұмытпай, жаңа өмір бастаймын деу бекершілік, өткен өміріңдегі адамдарды қазіргі адамдармен салыстыру да дұрыс емес. Жас кезде білместікпен жасаған қателігің кешірімді шығар, ес кіргенде тағы да қателесу – ақымақтық!
Ілмектер: бағалау, өкініш, тас, жол, өмір, қателік, ақымақтық Салтанат Айдарбекова
Тамыр-танысты жағалап, қойны-қонышыңа кіріп өзеуреп, керек кезінде табаныңды жалап, өз діттеген мақсатына жеткенде өзі болып, өзі толғандай, танауын көкке шүйіріп, адам танымай қалатын екі аяқтыларды түсінбей-ақ өтетін шығармын! «Көрмеп пе едім ордаңды, түбі тесік дорбаңды» деп атам қазақ қалай тауып айтқан? Өмірде алға ұмтылған жақсы ғой, бірақ атақ, бедел, танымалдылыққа ұмтылып ауыратындар қандай жиіркенішті еді!
Ілмектер: атақ, бедел, танымалдық, мақсат Салтанат Айдарбекова
Бұйығы ойлардан бойды тазарту үшін жаныңа жақын жандармен бірге ой бөліскен мезеттер де кейде жетпей тұрады...
Ілмектер: ой, тазарту Салтанат Айдарбекова
Адам өзінің не іздейтінін, кімді іздейтінін білмесе де қиын екен ғой...
Ілмектер: қиын, іздеу Салтанат Айдарбекова
Осы күнде ешкімге ренжімеймін де, іздемеймін де, тіпті ешкімді сағынбаймын. Күйкі тірлікке көміліп, қарын тойып, ұйқы қанса одан өзге ешбір мұрат-мақсат жоқ тәрізді сиықсыз күндер. Мұндай «тыныштықтан» да жалығады екен адам... Күні кеше тағдырыма төңкеріс жасап, өміріме өзгеріс енгізгім келген. Бәрін тастап, Алматыға тартып кетіп, бақытты қолдан жасағым келді. Алайда, мен бақытсыз емес ем. Олай тәуекел ету қажет емес екенін түсіндім. Бәлкім дәм-тұзы Алматының тартпаған болар...
Ілмектер: реніш, сағыныш, мақсат, күн, тыныштық, тағдыр, өмір, бақыт, тәуекел Салтанат Айдарбекова
Шын сағынып іздеген күндерімді, өтім жарылардай қызғанған мезеттерімді, өкпем ісіне ренжіген сәттерімді, жабыққанда жанымнан жанұшыра іздеген кездерімді, тіпті жанарымның жасын көлдете нақақ жас төккен шақтарды да аңсайды екен адам...
Ілмектер: сағыныш, қызғаныш, реніш, аңсау Салтанат Айдарбекова
Біреуді сағыну, әлдекімді іздеу, әлдебіреуге өкпелеу... Осының бәрі керемет, иә?..
Ілмектер: сағыныш, өкпе, керемет Салтанат Айдарбекова
Адамдардың бояусыз түрін көру емес, маскасыз түрін көру қорқынышты... Қорқыныштысы сол – оларға деген сый-құрметің, достығың, ізгі ниетің күл-талқан болады. Одан кейін пенде шіркінге сеніп көр... Сумен жуып тазарта алмайтын ең басты құндылық – арың мен көңілің!
Ілмектер: адам, маска, қорқыныш, сый, құрмет, достық, ниет, құндылық, ар, көңіл Салтанат Айдарбекова
Білесің бе, кей естеліктер тым ауыр...бірақ одан не айналып өтіп, не қашып кете алмайсың...
Ілмектер: естелік, ауыр Салтанат Айдарбекова
Кейде осылай ұзақ жол жүргім келеді, өз-өзіңмен бетпе-бет келіп, ой таразысына бүкіл тіршілігіңді тартқанда өз бағаңның қаншалықты екенін іштей аңғарасың...
Ілмектер: жол, ой, баға Салтанат Айдарбекова
Аппақ әлем, аппақ дүние! Ақ қарға оранған кіршіксіз тап-таза табиғат маужырай керіліп, паңдана қарайтындай. Біз де осылай кіршіксіз осы әлемге келген едік-ау... Бірақ сол тазалығымызды сақтай алдық па?
Ілмектер: дүние, тазалық, әлем, табиғат Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі