Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "реніш" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Осы күнде ешкімге ренжімеймін де, іздемеймін де, тіпті ешкімді сағынбаймын. Күйкі тірлікке көміліп, қарын тойып, ұйқы қанса одан өзге ешбір мұрат-мақсат жоқ тәрізді сиықсыз күндер. Мұндай «тыныштықтан» да жалығады екен адам... Күні кеше тағдырыма төңкеріс жасап, өміріме өзгеріс енгізгім келген. Бәрін тастап, Алматыға тартып кетіп, бақытты қолдан жасағым келді. Алайда, мен бақытсыз емес ем. Олай тәуекел ету қажет емес екенін түсіндім. Бәлкім дәм-тұзы Алматының тартпаған болар...
Ілмектер: реніш, сағыныш, мақсат, күн, тыныштық, тағдыр, өмір, бақыт, тәуекел Салтанат Айдарбекова
Шын сағынып іздеген күндерімді, өтім жарылардай қызғанған мезеттерімді, өкпем ісіне ренжіген сәттерімді, жабыққанда жанымнан жанұшыра іздеген кездерімді, тіпті жанарымның жасын көлдете нақақ жас төккен шақтарды да аңсайды екен адам...
Ілмектер: сағыныш, қызғаныш, реніш, аңсау Салтанат Айдарбекова
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда.
Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, бейтарап, мағына, сезім, интерпретация, күйзеліс, жігер, шындық, ой, әрекет, әдет, тағдыр, жан, зиян, реніш, өкініш, қорқыныш, тосқауыл, шешім, таңдау, өзін-өзі тану, жетілу, кілт, көзқарас, әлем, сенім, бағыт, көніл, көңіл-күй, жүрек, тазалық, ақиқат, үйлесім, нұр, нұрлану Нарша Булгакбаев
Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті.
Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы.
Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі.
Адамдар мені білмейді деп қапаланба, мен адамдарды білмеймін деп қапалан.
Ілмектер: адам, реніш, қапалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі