Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (1)

"кілт" туралы Ұлағатты сөздер

"кілт" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "кілт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда.

Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті.

Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы.

Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі.





Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, бейтарап, мағына, сезім, интерпретация, күйзеліс, жігер, шындық, ой, әрекет, әдет, тағдыр, жан, зиян, реніш, өкініш, қорқыныш, тосқауыл, шешім, таңдау, өзін-өзі тану, жетілу, кілт, көзқарас, әлем, сенім, бағыт, көніл, көңіл-күй, жүрек, тазалық, ақиқат, үйлесім, нұр, нұрлану Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

«Жауапкершілік — еркіндіктің кілті.»

Ілмектер: жауапкершілік, еркіндік, кілт Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Үнемі кілтін жоғалтып, немесе оны қай жерге қойғанын ұмытып қалып жүретін үй шаруасындағы əйелдер — əдетте, өздерінің үй шаруасындағы əйел рөліне көңілдері толмай жүрген əйелдер.

Ілмектер: әйел, үй шаруасы, көңіл, кілт Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Менің қолымда өз идеяларымның көзге ұрып тұрған жүйесіздігін жүйелейтін кілт бар, бірақ соны бұрауға мұрша жоқ.

Ілмектер: идея, кілт Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Бала жүрегі — кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.

Ілмектер: Бала, жүрек, Мұғалім, кілт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Кiшкентай кiлтпен үлкен сандықты ашуға болады.

Ілмектер: кішкентай, үлкен, сандық, кілт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
WhatsApp Telegram

Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:
– Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:
– Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті.

Ілмектер: кілт, Қожанасыр
WhatsApp Telegram

Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.

Ілмектер: көре білу, Жетістік, кілт Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram