Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Ұлағатты сөздер (8)

"көңіл-күй" туралы Ұлағатты сөздер

"көңіл-күй" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "көңіл-күй" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда.

Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті.

Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы.

Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі.





Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, бейтарап, мағына, сезім, интерпретация, күйзеліс, жігер, шындық, ой, әрекет, әдет, тағдыр, жан, зиян, реніш, өкініш, қорқыныш, тосқауыл, шешім, таңдау, өзін-өзі тану, жетілу, кілт, көзқарас, әлем, сенім, бағыт, көніл, көңіл-күй, жүрек, тазалық, ақиқат, үйлесім, нұр, нұрлану Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Кез-келген көңіл күй құбылысы нақты бір мақсатқа сəйкес келеді.

Ілмектер: көңіл-күй, мақсат Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Өлең көңіл-күйден туады. Көңіл-күйің шарықтап, не төмендеген кезде, дәл сондай жыр келеді дүниеге. Жақсы өлең жазсам — жадыраймын.

Ілмектер: Өлең, көңіл-күй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
WhatsApp Telegram

Адамның көтеріңкі көңіл-күйі — ұрыста ең айбарлы қару.

Ілмектер: адам, көңіл-күй, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Музыка — рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.

Ілмектер: Музыка, рух, нақыл, афоризм, көңіл-күй, қанатты сөздер Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Табыс ерте тұрған адамға келеді деп есептеледі. Жоқ, табыс жақсы көңіл-күйде оянған адамға келеді.

Ілмектер: табыс, көңіл-күй, адам, ояну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Ашар
WhatsApp Telegram

Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.

Ілмектер: сәби, бала, таза, пәк, аң, жыртқыш, көңіл-күй, аялау, таптау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ойыншық Антон Чехов
WhatsApp Telegram

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

Ілмектер: тән, сұлулық, көңіл-күй Кристофер Якоб Бустрём
WhatsApp Telegram