Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (11)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Таза" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"Таза" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Таза" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

«Жүрегі таза адамның жолы да жарық болады.»

Ілмектер: жүрек, Таза, дәлелі жоқ гипотезалар, жарық Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.

Ілмектер: Ислам, таза, ақыл, жүрек, пайда, сенім, бақытты Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Әрбір жаңа күн таза ақ парақтан басталады. Миыңызды жағымсыз иісті қоқыстан тазартыңыз. Жүректі жаралайтын сана паразиттерін жойыңыз.

Ілмектер: Ми, жаңа күн, таза, ақ, парақ, жағымсыз, иіс, қоқыс, тазарту, жүрек, тазалау, сана, паразит, жою Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Таза «иə» болмайтыны тəрізді, таза дарын деген де болмайды.

Ілмектер: таза, иә, дарын Жак Деррида
WhatsApp Telegram

Әрбір намаздан кейінгі ішкі атмосфера, жаңбырдан кейінгі таза ауадай болса, иманы кәміл адамның болмысы дерлік, ғанибет қой. Жаңбыр жерге қалай нәр берсе, намаз адамға солай нәр бермек.

Ілмектер: намаз, атмосфера, болмыс, ғанибет, Жаңбыр, Таза, ауа, иман, адам, жер Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бойыңды қалай таза ұстасаң,
Жүректі солай таза ұстау керек.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, даналық, тазалық, таза, жүрек, адамның бойы Али Динабеков
WhatsApp Telegram

Ақындық, өлең дегеннің өзі — сондай пәкиза, таза дүние. Оған ақша араласса құриды.

Ілмектер: Ақындық, өлең, дүние, таза, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Есенғали Раушанов
WhatsApp Telegram

Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта.

Ілмектер: Құдайшылық, жүрек, таза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Таза ниет өзінен өзі тамаша нәтижеге жеткізе бермейді.

Ілмектер: Ниет туралы, таза, ниет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәтиже Кристиан Боуви
WhatsApp Telegram

Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.

Ілмектер: сәби, бала, таза, пәк, аң, жыртқыш, көңіл-күй, аялау, таптау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ойыншық Антон Чехов
WhatsApp Telegram

Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

Ілмектер: таза, адам, күйе Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram