Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның. Ілмектер: Ислам, таза, ақыл, жүрек, пайда, сенім, бақытты Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Исламның да тазасы бар, ақыл жүрекпен тапқаның, пайда берсе сенімің саған, бақытты қылар салғаның.
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. — Ғабит Мүсірепов таза, адам
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана. — Нарша Булгакбаев Адам, мәселе
Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта. — Абай Құнанбайұлы Құдайшылық, жүрек
Суытпа босқа түсіңді Қайрама онша тісіңді. Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді. — Үмбетей Жырау тазалық, нақыл
Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам. — Лев Толстой ақиқат, ислам
Асылында адам қандай айналасын сондай көретұғын! Іші лай болса, сыртының тазалығын, жүрегі жабық болса, жұртық жарқындығын, тілі ғайбат болса, жұртың иман әдебін, жолы арам болса, жұртың адалдығын көре алмайтұғын! — Абдраманов Арсланбек Асылында адам қандай айналасын сондай көретұғын! Іші лай болса, сыртының тазалығын
Ай мен Айша(Шерхан Мұртаза)кітабының мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,айтуға оңай көркем сөз тіркесін алдық. **** Кейін,кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім. **** Арманнан көңіл қалса-ашық аспанда күңгірт болып көрінеді.Өмірде мән-мағына қалмай,кеудең кеуек болып,дүниенің әділетсіздігінен түңіліп,қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың. **** Адам бейшараны қуанту оңай емес екен ғой.Көңіл жетсе,бәрі жетеді екен ғой... **** Кім біледі,олар бізден гөрі бақыттырақ шығар.Мұндай сұм заман,қураған қу заман о дүниеде жоқ шығар. **** Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды. Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан: -Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен. Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ. Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды. Мен де солардың бірімін. **** Бес жасар баланың миы әлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Әсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ қағазға өшпестей жазылып қалар. **** Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде демеуші ме еді. **** Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан,әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана. **** Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық деген осы болар. — Сәлімгерей Дильназ,Шерхан Мұртаза Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» әңгімесі
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі