Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (60) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (3)

Үйрету де керек, бiрақ көтермелегенге жетпейдi. Үйретiп ұялтқаннан кейiн көтермелеу, жаңбырдан соңғы шуақ секiлдi.

Ілмектер: ұялту, жаңбыр, шуақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жәнібек хан жолға шығар кезде Жиреншемен әрдайым: "Ананы қайтеміз, мынау қалай болады" деп ақылдасып алады екен. Содан соң Жиренше қалай мәслихат жасаса, тіл қатпай, оның дегенін істеуге өмір қылады екен. Бір күні хан асығыстау жолға шығайын деп қызметшілеріне:

— Тез күймемді дайындаңдар, күймеге қып-қызыл күрең алты нар жегіңдер, — деп өмір беріпті. Қызметшілер жылдамдатып алты қызыл күрең нар жегіп, күймені тұп-тура хан шығатын есіктің алдына әкеп қойыпты. Содан соң хан:

— Жиреншені шақырыңдар, меніменен бірге жүрсін, — дейді. Хан қызметшілерінің бірі жүгіре басып Жиреншеге жетіп келеді:

— Ау, Жиренше, хан жолға дайындалып, сізге тез келсін, меніменен бірге жүрсін деп жатыр, — дейді. Сонда Жиренше:

— Ханның жеккені не? — депті.

— Жеккені қып-қызыл алты нар өзір түр.

Жиренше айтыпты:

— Қазір барамын, ханға сәлем айт, күн бұлт екен де, — деп. Содан шақырушы ханға:

— Тақсыр, Жиреншені шақырдым, ханға сәлем айт, қазір барамын, күн бұлт екен деп айт деді, — дейді.
Айтулы сөздің астарын түсіне қойған хан қызметшілеріне:

— Алты нарды доғарып, күймеге алты тұлпар жегіңдер! — деп бұйырады. Тұлпарлар жегіліп әзір болған кезде Жиренше де келіпті. Сөйтіп хан екеуі жолға шығыпты. Жолда құбыладан қара бұлт көтеріліп жаңбыр құйыпты. Жер батпаққа айналыпты, соған қарамастан жануарлар сыдырта желіп отырыпты. Сонда Жиренше ханға қарап: — Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы: түйе малының мынадай ми батпақта жүруі қиын, мен соны ойлап айтқан едім, — депті.

Ілмектер: бұлт, жаңбыр, түйе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жиренше шешен

Әрбір намаздан кейінгі ішкі атмосфера, жаңбырдан кейінгі таза ауадай болса, иманы кәміл адамның болмысы дерлік, ғанибет қой. Жаңбыр жерге қалай нәр берсе, намаз адамға солай нәр бермек.

Ілмектер: намаз, атмосфера, болмыс, ғанибет, Жаңбыр, Таза, ауа, иман, адам, жер Нарша Булгакбаев