Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (6)

"бағыт" туралы Ұлағатты сөздер

"бағыт" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "бағыт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда.

Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті.

Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы.

Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі.





Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, бейтарап, мағына, сезім, интерпретация, күйзеліс, жігер, шындық, ой, әрекет, әдет, тағдыр, жан, зиян, реніш, өкініш, қорқыныш, тосқауыл, шешім, таңдау, өзін-өзі тану, жетілу, кілт, көзқарас, әлем, сенім, бағыт, көніл, көңіл-күй, жүрек, тазалық, ақиқат, үйлесім, нұр, нұрлану Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ішкі үніңе құлақ ас — шынайы бағыт сонда.»

Ілмектер: шынайылық, бағыт Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Жетер жерін анықтамаған кісіге жел қай жақтан соқса да бағыттас бола алмайды.

Ілмектер: мақсат, жел, бағыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Біздің бүгінгі күнде иеленіп отырған орнымыздан, қозғалып бара жатқан бағытымыз маңызды.

Ілмектер: бүгін, орын, қозғалыс, бағыт, маңыздылық Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Мақсат міндетті түрде діттеген жеріне жетуі керек емес, ол келесі қадамыңызға деген бастапқы бағыт болуы мүмкін.

Ілмектер: мақсат, қадам, бағыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли
WhatsApp Telegram

Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.

Ілмектер: Ресей, жол, бағыт Наполеон Бонапарт
WhatsApp Telegram