Ішкі үніңе құлақ ас — шынайы бағыт сонда.» Ілмектер: шынайылық, бағыт Тлеуғабыл Шырайлым Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ішкі үніңе құлақ ас — шынайы бағыт сонда.»
Мен бұл өмірде тек екі адамнан жеңілдім. Бірі тек шындық айтатын, екіншісі екіжүзді адамнан. Тек шындық айтатын адамға өтірік айтып жеңілдім, екіжүзді адамға шындық айтып жеңілдім. — Азат Темірлан екіжүзділік, шынайылық
Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді қалайды. — Элиас Канетти Көпшілік, тығыздық
Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді. — Федор Достоевский күлкі, шынайылық
Мақсат міндетті түрде діттеген жеріне жетуі керек емес, ол келесі қадамыңызға деген бастапқы бағыт болуы мүмкін. — Брюс Ли мақсат, қадам
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Неге тірі кезінде жанымызда жүрген жандарды бағаламасқа? Ол о дүниелік болғанда оны жақсы көреміз деп жылағанымыз, ол тірі болғанда айтпаған сөзімізді өлгенде айтқанымыздан не пайда? Тірі кезде жақсы көрейік, бағалайық жанымызда жүрген адамдарды — Аяджан Майя шынайылық
Біздің бүгінгі күнде иеленіп отырған орнымыздан, қозғалып бара жатқан бағытымыз маңызды. — Лев Толстой бүгін, орын
Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар. — Наполеон Бонапарт Ресей, жол
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі