Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Ұлағатты сөздер (14)

"екіжүзділік" туралы Ұлағатты сөздер

"екіжүзділік" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "екіжүзділік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Заманның ақыры таянған кезде бүгін қуанған ертең жылайды, бүгін жылаған ертең қуанады, бүгін мұсылман болып ұйықтаған, ертең кәпір болып оянады, бүгін кәпір болып ұйықтаған, ертең мұсылман болып оянады. Екіжүзділік шегіне дейін жетеді. Мұсылман мұсылман еместен ерекшелігі байқалмай қалады. Міне, осындай заманға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: Мұсылман, заман, қуаныш, жылау, ұйқы, кәпір, екіжүзділік, ерекшелік, қорқыныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құран, Алла, құдай, намаз, адам, жан, мәңгілік, Өмір, өлім, күйзеліс, тән, табиғат, қорқақтық, екіжүзділік, күн, көпір, Сот, қорқыныш, ақырет, жаннат, тозақ, өмірдің мәні, болашақ, тағдыр, сөз, сенім, пайдалы, зиянды Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.

Ілмектер: Екіжүзділік, бал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, у, әділдік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамзат қазір екіге бөлініп алған сияқты – біреулері тек дүние қуып жүр, ал біреулері тек ақыретті қуып жүр. Ал кейбір адамдар екеуін де қатар ұстап жүрміз дейді. Бірақ бұл екіжүзділік. Мен дүниені көрсем, ақыретті ұмытып кетемін, ақыретті ұмытпайын десем, дүниені сүйіп кетемін.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, лагерь, дүние, ақырет, екіжүзділік, ми, ақиқат, әділдік, шындық, арам, махаббат Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Екіжүзділік — жалған жаны ашушылық, түсінушілік, ұғынушылық, пікірлестік, өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік.

Ілмектер: Екіжүзділік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Екіжүзді болма, екіжүздіден шын бейнеңді жасыра біл.

Ілмектер: екіжүзділік Азат Темірлан
WhatsApp Telegram

Мен бұл өмірде тек екі адамнан жеңілдім. Бірі тек шындық айтатын, екіншісі екіжүзді адамнан. Тек шындық айтатын адамға өтірік айтып жеңілдім, екіжүзді адамға шындық айтып жеңілдім.

Ілмектер: екіжүзділік, шынайылық Азат Темірлан
WhatsApp Telegram

Томаға тұйықтықтың үш түрi бар. Бiрiншiсiнде адам өзiнiң кiм екенiн бiлдiртпей, ұстамдылық пен үнсiздiк сақтайды; екiншiсiнде ол белгiлер мен шаралардың көмегiмен өзi туралы жалған түсiнiк беретiн жалтарушылықты ұсынады; үшiншiсi екi жүздiлiк, ол өзiнiң кiм екенiн бiлдiрмеуге тырысып, әдейi жасанды қылық жасайды.

Ілмектер: ұстамдылық, үнсіздік, екіжүзділік, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон
WhatsApp Telegram

Екіжүзді адамның жау болағанынан, дос болғаны қауіпті.

Ілмектер: екіжүзділік, нақыл, дос Жан-Жак Руссо
WhatsApp Telegram

Екіжүзділік, жағынып-жалпақтау, ыңғайымпаздық — үлкен кесел.

Ілмектер: екіжүзділік, кесел, нақыл сөздер Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Көрер көзге бола жасалған қарапайымдылық — барып тұрған екіжүзділік.

Ілмектер: қарапайымдылық, екіжүзділік Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Арамза жарамсақ пен екіжүздіге қарағанда ашық жаудың өзі артық: ондайлар адам баласының сыйқын бұзады.

Ілмектер: екіжүзділік, жарамсатық І Петр
WhatsApp Telegram

Екіжүзділік — қиын кәсіп емес, кез-келген теріс пиғылды адам оған оңтайлы.

Ілмектер: екіжүзділік, пиғыл Петёфи Шандор
WhatsApp Telegram

Жамандықтың зары — екіжүзділік, жағымсыздықтың ырқына жүру.

Ілмектер: жамандық, екіжүзділік Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram