Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (16)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"у" туралы Ұлағатты сөздер

"у" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Өтірік — ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

Ілмектер: Өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, у, сенім Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ізгі адам мен міншіл адамның айырмасы сыйыр мен жыландай: сыйыр шөпті сүтке айналдырады, жылан сүтті уға айналдырады.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ізгілік, міншіл, жылан, сиыр, сүт, у, шөп Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.

Ілмектер: Екіжүзділік, бал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, у, әділдік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Балдың да уы бар.

Ілмектер: бал, у, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Кiмдi қызғаныш өртi күйдiретiн болса, сол ақыр-соңында шаян сияқты улы iскектi өзiне қадайды.

Ілмектер: қызғаныш, өрт, у, шаян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Oйлау — ақыл-oй жұмысы, қиялшылдық — oның тәтті құмарлығы. Ақыл-oйды қиялға айырбастау ас oрнына у ішу дeгeн сөз.

Ілмектер: ойлау, ақыл, ой, қиялшылдық, тәтті, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ас, у Виктор Гюго
WhatsApp Telegram

Жаман кітап — рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі.

Ілмектер: жаман, кітап, рухани, идея, у, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Өмір – өзен күні-түні ағады, үстеп оны тұрмыс уы тамады. Өмір у ғой, ішпеген жан арманда, ішкен адам қандай ләззат табады?..

Ілмектер: өмір, у Бернияз Күлеев
WhatsApp Telegram

Сөздің де уы бар.

Ілмектер: сөз, у Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Жүрегім дертті, сөзім у.

Ілмектер: дерт, жүрек, у Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Көре алмаушылық - жүректегі у.

Ілмектер: көре алмаушылық, жүрек, у Франсуа Вольтер
WhatsApp Telegram

Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

Ілмектер: жала, жылан, у, зұлым Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

Ілмектер: қазақ, Абай, у, бал Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар.

Ілмектер: дүние, өмір, бал, у Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Тіл мен алтын біздің қылыш пен у.

Ілмектер: тіл, алтын, қылыш, у Михаил Лермонтов
WhatsApp Telegram

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram