Өлең, жыр, ақындар

Фридрих Ницше

Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche; 1844ж. 15 қазан — 1900ж. 25 тамыз) — ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі.


Нақыл сөздері

Өмірде мақсаты бар адам кез келген қиындыққа шыдайды.

Философиялық стиль: «Кімнің өмірде "не үшін" дегені болса, ол кез келген "қалайға" төтеп береді».

Бұл Фридрих Ницшенің нақылы, бірақ оны әлемге танытқан — психолог Виктор Франкл. Ол концлагерьде аман қалудың басты шарты — адамның ішкі мақсаты мен болашаққа деген сенімі екенін осы сөзбен дәлелдеген.

Түпнұсқасы неміс тілінде:

„Wer ein Warum zum Leben hat, erträgt fast jedes Wie.“

Ілмектер: Фридрих Ницше, қиындық, мақсат, шыдамдылық, болашақ, болашаққа деген сенім, сенім, үміт Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Біз Ақиқатты құмарпаздық ойынына салумен келеміз. Бәлкім, адамзат қауымы дәл осыдан опық жер. Жә, одан келер-кетер не бар дейсің?!

Ілмектер: ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қауым Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Егер жауың байқалмаса, босаңсыма, жел де көрiнбейдi, бiрақ шырақты өшiредi.

Ілмектер: жау, босаңсу, жел, шырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Адам қателiк жiберуi мүмкiн. Қателiктi мойындау оны сүйкiмдi етедi. Егер адам қателiктi түзесе, бұл оны екi есе сүйкiмдi етедi.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Оқымыстының мына түрi есiркеуге лайық: түсiнедi — бiрақ iстемейдi, iстегенiн — түсiнбейдi.

Ілмектер: Оқымысты, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, істеу, түсіну Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кейде адам деп жүргенiң, адамға ұқсас жәндiк болып шығады.

Ілмектер: адам, жәндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кiмдi қызғаныш өртi күйдiретiн болса, сол ақыр-соңында шаян сияқты улы iскектi өзiне қадайды.

Ілмектер: қызғаныш, өрт, у, шаян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Сен өзiңдi мейiрбан сезiнсең, мұны саған ашуланып, ала көзiмен қарайтын басқалар одан сайын сезiнедi. Iзгi адам бәрiнiң жолында кесе-көлденең тұратынын ұмытпа.

Ілмектер: мейірбан, сезім, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Жауыздық жара сияқты: қышиды, ашиды, жарылады — ол өзi туралы шынын айтады.

Ілмектер: Жауыздық, жара, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кiм өзiне-өзi сенбесе, сол әрқашан өтiрiк айтады.

Ілмектер: сенім, өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Адамдар қарапайым ақиқатты елемегендiктен көп азап тартады.

Ілмектер: адам, ақиқат, елемеу, азап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді.

Ілмектер: еркек, ұнату, әйел, қатер, ойыншық, сүю, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Егер сен биікке шыққың келсе, тек өз аяғыңмен ғана шық. Басқалардың сені биікке көтеріп шығуына жол берме! Басқалардың арқасына жабыспа, басқалардың желкесіне мінуші болма.

Ілмектер: биік, жетістік, аяқ Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кешігіп келген бақыт ұзақ сақталады.

Ілмектер: бақыт, кешігу Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кейде күдіксіз сену өтіріктен де жаман.

Ілмектер: сенім, өтірік Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Жаман деп жүргенiмiздi жақсы деуге батылымыз жеткен күнi бiздiң өмiрiмiзде ұлы кезеңдер басталады.

Ілмектер: жақсы, жаман, күн, батылдық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Әр нағыз еркекте ойнағысы келетін жасырын бала болады. Олардан баланы тауып алыңыздар, әйелдер!

Ілмектер: еркек, бала, әйел Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Егер сені мақтаса, онда білгенің жөн, сен әлі де болса өз жолыңда емессің, басқалар үшін ыңғайлы жолдасын.

Ілмектер: мақтау Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз