Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (38)

Сүю — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "сүю" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ең үздік мотивация — ол бір іске деген шексіз махаббат. Сүю үшін тану керек, тану ішін білу керек.

Ілмектер: Мотивация, махаббат, сүю, тану, білім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Өзіңіз жайлы бар шындықты танып білмейінше, сіз өзіңізді шын сүйе алмайсыз.

Ілмектер: Шындық, өзін-өзі тану, сүю, Махаббат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Ілмектер: Мейірім, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Сүю — адамның бүкіл ізгі қасиеттерінің басын қосады

Ілмектер: Сүю, адам, қасиет, ізгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак
WhatsApp Telegram

Сүю – басқанын бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу.

Ілмектер: Сүю, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Готфрид Лейбниц
WhatsApp Telegram

Өзі ешкімді сүймейтін адамды, меніңше, ешкім де сүймейді.

Ілмектер: сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді.

Ілмектер: еркек, ұнату, әйел, қатер, ойыншық, сүю, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Елін сүйер сеніңіз,
Өз отбасын сүйе алған.

Ілмектер: ел, отбасы, нақыл, сүю Қасым Аманжолов
WhatsApp Telegram

Жаманды мың көргенмен ішің сүймес.

Ілмектер: жаман, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Жұрт сүйгенді құдай да сүйеді.

Ілмектер: жұрт, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл-Хорезми
WhatsApp Telegram

Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты,
Шері оның теңізден де тұңғиық-ты.

Ілмектер: сүю, махаббат, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Айтты Өгдүлміш: «ойға мынау түйгенім,
Бір қараса білер адам сүйгенін».

Ілмектер: сүю, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!

Ілмектер: сүю Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Екі адам бірін-бірі шын сүйсе екеуі де алтын. Махаббатта бақыр жоқ...

Ілмектер: сүю, махаббат Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram

Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.

Ілмектер: сұлу, сүю, пайғамбар, сүннет Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Сәбиді қанша рет сүйейік, бәрібір мейіріміз қанбайды.

Ілмектер: сәби, бала, мейірім, сүю Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Кім мықты, сонымен шынық. Сүюге болмайтын болса да сүй. Басқалар осалдық танытқан жерде, мықты бол. Сонда ғана жеңілістің дәмін татпайсың, әрқашан жеңесің.

Ілмектер: жеңіс, мықтылық, сүю Брюс Ли
WhatsApp Telegram

Олар тек өлгендерді сүйе білер.

Ілмектер: өлік, сүю Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.

Ілмектер: махаббат, сүю, жүрек Ілияс Есенберлин
WhatsApp Telegram