Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (72) Өлеңдер (54) Мақал-мәтелдер (108) Ұлағатты сөздер (142) Әзіл, анекдоттар (7)

Әйел — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "әйел" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Әйелдің бір айласы – жылап-сықтау.

Ілмектер: Әйел, айла, жылап-сықтау, жылау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Болғанмен әйел көркі гүлдей мүлде,
Гүлдің де уы барын білмей жүрме.

Ілмектер: у, көрік, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, гүл Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Балалы әйел – бақ,
Баласыз әйел – жат.

Ілмектер: бала, әйел, бақ, жат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Әйел еркегін шын сүйсе – таққа отырса да қадірлейді,
Тақырға отырса да қадірлейді.

Ілмектер: әйел, ер, еркек, сүю, тақ, қадірлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Ақылды әйел азаматын атқа отырғызады,
Парасатты әйел – патшалық таққа отырғызады.

Ілмектер: ақыл, ақылды, әйел, парасат, нақыл, тақ, афоризм, қанатты сөздер Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Опалы әйел – ордалы отау олжасы.

Ілмектер: опа, әйел, олжа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Опалы әйел табу қиын, бірақ онымен тұру оңай,
Бейопа әйел табу оңай, бірақ онымен тұру қиын.

Ілмектер: әйел, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Али Акбар Деһхода
WhatsApp Telegram

Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында.

Ілмектер: жылау, әйел, жеңілдеу, еркек, көз жас, қорқу Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Әйелсіз үй — сусыз диірмен.

Ілмектер: әйел, үй, диірмен, су Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Қысқа шаш қоюдың сəнге айналуы — бар болғаны əйелдің ер адаммен арасындағы сыртқы айырмашылықтарды жоюға деген тілегінің көрінісі ғана.

Ілмектер: шаш, сән, әйел, еркек Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Үнемі кілтін жоғалтып, немесе оны қай жерге қойғанын ұмытып қалып жүретін үй шаруасындағы əйелдер — əдетте, өздерінің үй шаруасындағы əйел рөліне көңілдері толмай жүрген əйелдер.

Ілмектер: әйел, үй шаруасы, көңіл, кілт Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Неке дегеніміз — міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін ойнауға толық мойын ұсынуы емес.

Ілмектер: неке, міндет, бойжеткен, қыз, әйел, мойын ұсыну Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Еркектер мен əйелдер бір-біріне ұқсамайтындықтан да бір-бірін ерекше құштарлықпен аңсап іздейді.

Ілмектер: ерке, әйел, құштарлық Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Əйел сүйкімді көрінген сайын — зорая түседі, ал сүйікті еркек — қашан да кіші көрінеді.

Ілмектер: әйел, еркек, сүйікті, зор, кіші Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Əйелдердің қай-қайсысы да мақтауға лайық! Қай əйелдің бойынан да əлдебір тамаша ізгілік табылады: мен кір жуушының ханзададай əсем қозғалып келе жатқанын көргенім бар!

Ілмектер: әйел, мақтану, тамаша, ізгілік, ханзада Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Бала көтерген əйелдің бойында бір нəрсе өледі.

Ілмектер: бала, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Шіркеу қызметкері дегеніміз — түсіндіруші, ал əйел — сəуегей: ол уақыттың өзі болып сөйлейді.

Ілмектер: шіркеу, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Əйелдің күші — өз қалпынан айнымайтындығында.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Ежелгі дəуірлерде көрегендердің рөлін əйелдер ойнағаны — олардың бойында болашақ болжап білер қасиеттің артық болғанымен емес, мəселе — олардың өздері сол болашаққа айналғанында.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, болашақ Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram