Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (10)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"әлсіз" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"әлсіз" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "әлсіз" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өзін əлсіз сезініп көрмеген адам, құдайдан да хабарсыз келеді.

Ілмектер: адам, әлсіз, құдай Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Заң — қарақұрт торы: әлсіздер құтылмайды, күштілер тұтылмайды.

Ілмектер: заң, тор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіз, күшті Анахарсис
WhatsApp Telegram

Өзіңнен күштіге өзің де соқтыға қоймассың. Өзіңнен әлсізге әлім жеттік істей көрме.

Ілмектер: күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіз Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Жаза — қылмыстың алдын алудың әсері ең әлсіз тәсілі.

Ілмектер: жаза, қылмыс, әлсіз, әсер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Зымыраннан қымбат ештеңе жоқ. Негізі адамдар оны бұрын өте әлсіз, арзан дүниелерден жасаған еді. Бірақ тиімсіз жолмен жасаған соң өте күрделі, қымбат болып көрінді және солай бағаланды.

Ілмектер: зымыран, қымбат, адам, әлсіз, арзан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
WhatsApp Telegram

Әлсіздерді ажал күтеді.

Ілмектер: әлсіз, ажал Адольф Гитлер
WhatsApp Telegram

Әлсіз адамдар өмірді түсінбейді, ал ержүректер оны меңгеріп алады.

Ілмектер: әлсіз, адам, ержүрек, өмір Сергей Довлатов
WhatsApp Telegram

Барлық еркектер әлсіз, әсіресе, джентельмендер осал болады.

Ілмектер: еркек, джентельмен, әлсіз Маргарет Тэтчер
WhatsApp Telegram

Ешкім ешкімді тастамайды. Тек мықтылар алға қарай кетіп қалады. Ал артта қалып қойған әлсіздер, өздерін тастап кетті деп ойлайды.

Ілмектер: тастау, қалу, әлсіз, мықты Михаил Литвак
WhatsApp Telegram