Әлсіздерді ажал күтеді. Ілмектер: әлсіз, ажал Адольф Гитлер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әлсіздерді ажал күтеді.
Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен. — Бұқар жырау өмір, ажал
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді. — Қазыбек Келдібекұлы ауру, ажал
Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң, Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң, Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң. — Төле би Әлібекұлы өмір, туысқан
Ажал жетпей - өлмек жоқ. — Қорқыт ата ажал, өмір
Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр. — Шалкиіз Тіленшіұлы жау, ажал
Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат! — Бұқар жырау ажал, үміт
Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек — Жүсіпбек Аймауытов адам, ажал
Əйел заты – залым. Ол ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат. — Проспер Мериме Əйел, залым
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі