Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді. Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.
Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен. — Бұқар жырау өмір, ажал
Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң, Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң, Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң. — Төле би Әлібекұлы өмір, туысқан
Ажал жетпей - өлмек жоқ. — Қорқыт ата ажал, өмір
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар – Келмейді мінін айтсаң жаратқысы. — Міржақып Дулатұлы қазақ, кемшілік
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. — Жиренше шешен үміт, жас
Науқастың көңілін сұрауға барғанда оған өмірі және ауруы туралы жақсы нәрселер айтып, үміт отын оятыңдар. — Хадис шәриф науқас, ауру
Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр. — Шалкиіз Тіленшіұлы жау, ажал
Жақындап ажал тұрса да, Жанына қылыш ұрса да, Қалжырап, көңіл қарайып, Қарауытып көзі тұрса да – Үмітін жоймас адамзат! — Бұқар жырау ажал, үміт
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі