Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (82) Өлеңдер (173) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (104) Әзіл, анекдоттар (1)

Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.

Ілмектер: Қазақ, Халық, Ұлт, Қыпшақ Мұстафа Шоқай

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

Ілмектер: Қазақ, жер Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын.

Ілмектер: ел, жүрек, Қазақ, өнер Әшірбек Төребайұлы

«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.

Ілмектер: қазақ, хан, қан, халық Қадыр Мырза Әли

Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап келе жатыр.

Ілмектер: әйел, қазақ Бауыржан Момышұлы

Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.

Ілмектер: қазақ, бала, өлең, рух, мінез Мұхтар Әуезов

Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан – Абай.

Ілмектер: қазақ, өлең, Абай Мұхтар Әуезов

Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті.

Ілмектер: қазақ, әдебиет, өмір Мұхтар Әуезов

Бүгінгі қазақ баласы – қырық жылғы қазақ баласы емес.

Ілмектер: қазақ, бала Мұхтар Әуезов

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ілмектер: Қазақ, Мен қазақпын Жұбан Молдағалиев

Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тезірек еселеп қайтаруға тырысады...

Ілмектер: қазақ, әйел Ғабит Мүсірепов

Қазақ халқы - ең бір бейбіт халықтардың бірі.

Ілмектер: қазақ, халық, бейбіт Шоқан Уәлиханов

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.

Ілмектер: жұрт, қазақ, ер, халық Әлихан Бөкейханов

Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.

Ілмектер: тәуелсіздік, қазақ, азаттық, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

Ілмектер: үкімет, қоғам, дін, қазақ, қырғыз Әлихан Бөкейханов

Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ілмектер: әйел, қазақ, жан жолдас, арман, егіз, адам Ғабит Мүсірепов

Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.

Ілмектер: сайлау, қазақ, жұрт, жұт Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.

Ілмектер: қазақ, автономия, ұлт Әлихан Бөкейханов

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

Ілмектер: қазақ, жер Әлихан Бөкейханов

Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.
Тәуекел деп ат қойып ықтималға,
Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен.

Ілмектер: адамгершілік, қазақ, нәпсі, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы