Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Бір нәрсе туралы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта алсақ, сол сөз өнері болады.

Ілмектер: пікір, қиял, көңіл, сөз өнері, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі

Ілмектер: Газет, халық, көз, құлақ, тіл, наықл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Пайғамбарымыз Мұхаммедті, исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару.

Ілмектер: Шыдам, сабыр, қару, Пайғамбар, Мұхаммед, тіл, ислам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылығы өзiнен артылмаған…
Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап, талпынбаған.

Ілмектер: жақсылық, талап, ұйқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ахмет Байтұрсынұлы

Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.

Ілмектер: тіл, құрал, білім Ахмет Байтұрсынұлы

Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.

Ілмектер: бала, бастауыш, мектеп, ана тіл, ана тілі, оқу Ахмет Байтұрсынұлы

Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.

Ілмектер: білім, білім туралы нақыл сөз Ахмет Байтұрсынұлы

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Ілмектер: сөз, сын, жазушы, сыншы Ахмет Байтұрсынұлы

Теңеу – ереуіл сөз.

Ілмектер: сөз Ахмет Байтұрсынұлы

Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.

Ілмектер: жастар, тәрбие, оқу, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Ілмектер: сөз, өнер, әдебиет, нақыл сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен жағады.

Ілмектер: сөз, көңіл Ахмет Байтұрсынұлы

Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.

Ілмектер: ел, бала, тәрбие Ахмет Байтұрсынұлы

Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап, тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз. Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады.

Ілмектер: әліпби, әріп Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.

Ілмектер: сабақ, тіл, ереже, жаттау Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.

Ілмектер: қазақ, тіл, дыбыс, оқу, жазу Ахмет Байтұрсынұлы

Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.

Ілмектер: тіл, әліп-би, әліппе, әліпби Ахмет Байтұрсынұлы

XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

Ілмектер: тіл, қазақ Ахмет Байтұрсынұлы

Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.

Ілмектер: қазақ, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Қарап көріңіз