Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!
Ілмектер: қазақша, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ілмектер: ана тіл, қазақ тілі Ғабит Мүсірепов
Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем, өте бай тілдердің бірі.
Ілмектер: қазақ тілі, тіл, түркі тілдері Йоханнес Бенцинг
Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл - қазақ тілін ғасырлар бойы қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рахмет!
Ілмектер: Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл, қазақ тілі, тіл Хасан Туфан
Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл.
Ілмектер: қазақ тілі, түркі тілдері, тіл Платон Мелиоранский
Тәуелсiздiк бiзге ең жанды мәселелердi шешуге – Семей ядролық сынақ полигонын жабуға, жан-жақты экономикалық реформаларды жүргiзуге, экономикадағы терең құрылымдық сәйкессiздiктi жоюға, елдiң табиғи ресурстарын халық игiлiгiне жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызды. Тәуелсiздiк дәстүрлi мәдени құндылықтардың ыдырауын тоқтатуға, қазақ тiлiн өркендетуге көмектестi.
Ілмектер: тәуелсіздік, полигон, экономика, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев
Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.
Ілмектер: тіл, қазақ тілі, түрік тілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.
Ілмектер: Абай, қазақ тілі, өлең Мұхтар Әуезов
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
Ілмектер: ұлт, тіл, жер, тарих, қазақ тілі Мағжан Жұмабаев
Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.
Ілмектер: тіл, бала, қазақ тілі, орыс тілі, ана тіл Ахмет Байтұрсынұлы
Біздің билікте қазақ тілін білмейтін министрлер, шенеуніктер бар десем, шетелдік достарым сенбейді. Мұны менің басшылыққа ренішім деп қабылдайды. Сондайда мен: "Бізде қазақша білмейтін облыс басшылары да бар" деймін. Міне, біздегі жағдай осындай.
Ілмектер: қазақ тілі Дос Көшім
Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы» екенін ұмытпасқа керек.
Ілмектер: тіл, қазақ тілі Міржақып Дулатұлы
Қазақ тілінде артықша ымыра бар: Қазақ тілін басқа түркі тілімен салыстырып тексерсек: Қазақ тілі жат тілдердің ықпалынан аман сақталып, еркінше өсіп алға кеткенін көреміз.
Ілмектер: қазақ тілі Елдес Омарұлы
Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.
Ілмектер: Қазақстан, болашақ, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев
Халықтың басы қосылған орында қазақ тілінің маңызын, тілін жүзеге асыратын курстарға қолынан іс келетін таза жігіттерін жіберсін. Халықтың ұмтылуы, ел ынтасы деген осындай ретпен табылады. Істің бәрін жоғарыдан күтіп отырып, өзіне берілген құқықтарын пайдалана алмаған ел еш уақытта қатарға кірмейді.
Ілмектер: халық, қазақ тілі, құқық Мәннан Тұрғанбаев
Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек.
Ілмектер: қазақ тілі, тіл Міржақып Дулатұлы
Мемлекеттік тілді құрметтеу Қазақстан азаматтарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік пен сыйламаушылық іс-әрекеттері және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер заң бойынша жазаға тартылады.
Ілмектер: Конституция, Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Мемлекеттік тіл, тіл, қазақ тілі, Қазақстан Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек
Ілмектер: тіл, қазақ тілі, тіл құрамы, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.
Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл.
Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі