Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"тәуелсіздік" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "тәуелсіздік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз — шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.
Ілмектер: Кіріптарлық, құлдық, еркіндік, тәуелсіздік Роберт Вальзер
Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, тұрмыс, тіршілік, дүние, алдау, сезім, сана, билік, бала, ақпарат, адамзат, қабылдау, өмір сүру, салт, шарасыздық, сәтсіздік, көңіл, Қоғам, тағдыр, құдай, Кінәлау, проблема, шешім, тәуелсіз, адамгершілік, ізгілік, жол, Гуманитарлық, тәуелсіздік, масыл, құлдық сана, Тарих, қоршаған орта Нарша Булгакбаев
Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді.
Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес!
Кез келген Тәуелсіздіктің қайнар көзі — материалдық Тәуелсіздік.
Ілмектер: Тәуелсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эрве Базен
Бақытты және жарқын өмір «Құлдық Сана» мен «Тәуелділікпен» үйлеспейді, өйткені бұл әрекеттер теріс психологиялық әдетке айналады. Адамдар бұл зияндылықтың зияндылығы туралы білген сайын, айналамыздағы әлем таза болады, идеалды түрде «Құлдық санасыз» және «Тәуелділіксіз».
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, жарқын, Өмір, құлдық сана, тәуелділік, психология, зиянды әдеттер, зиян, тазалық, құлдық сана, тәуелсіздік Нарша Булгакбаев
Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
Ілмектер: тәуелсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев
Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!
Ілмектер: азаттық, тәуелсіздік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына мүйіздісі мүйізін, тұяқтысы тұяғын көтерген емес. Оның қасында біз Адам атадан тараған адамзат деген атты алып жүрген жоқпыз ба және мен оған еш өкінбеймін. Мына оңбағаннан (Алмабековтен) кешірім сұрамаймын. Сол үшін соттаймын десеңдер соттай беріңдер. Егер осы оқиға қайталанса, мен қайтадан осыны істейтін едім, сол қарындасыма қайтадан араша түсер едім
Ілмектер: Қайрат Рысқұлбеков, 16 желтоқсан, тәуелсіздік, қайрат Қайрат Рысқұлбеков
Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол үшін соттаймын десеңдер де соттай беріңдер. Екі мыңдай адамды алаңға алып барғаным рас. Мойындаймын. Бірақ ана Савицкийдің өліміне қатысым жоқ. Егер қатысым болса, оны да мойындайтын едім. Бір милиционер қазақ қызының шашынан сүйреп бара жатқандығын көріп жебер деген едім, жіберемеді, сонда мен оны ұрдым да қызды ажыратып алдым. Ол міне сот залында отыр.
Ілмектер: Қайрат Рысқұлбеков, 16 желтоқсан, тәуелсіздік, қайрат Қайрат Рысқұлбеков
Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi.
Ілмектер: тәуелсіздік, тәуелсіз, Қазақстан, халық Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп, өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық, әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк.
Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан, егемен, мемлекет, экономика Нұрсұлтан Назарбаев
…бiздiң жеке шаңырақ көтергеннен кейiнгi жанкештi еңбегiмiздiң, толағай табысымыздың ең толымдысы әрi баға жетпес құндылығы, ел егемендiгiн баянды етудiң берiк қамалы, Тәуелсiздiк жүрегiне қан жүгiрткен сарқылмас қуат көзi.
Ілмектер: тәуелсіздік, егемендік Нұрсұлтан Назарбаев
Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тiккен адаммын. Маған ары үшiн жанын садаға ететiн осындай тектi халыққа, менi ұлым деп, перзентiм деп төбесiне көтерген халыққа, арғы-бергiдегi қазақ баласының бiрде-бiрiнiң пешенесiне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсiз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенiң керегi жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабiлетiмдi, бiлiм-бiлiгiмдi аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.
Ілмектер: тәуелсіздік, халық, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев
Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет.
Ілмектер: тәуелсіздік, бірлік Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсiздiгiмiздi көздiң қарашығындай сақтап, мемлекетiмiздi нығайта беру үшiн бiзге ең әуелi бiрлiк қажет.
Ілмектер: тәуелсіздік, бірлік.мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев
Шынын айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр, Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
Ілмектер: тәуелсіздік, ынтымақ, ел, азаттық Нұрсұлтан Назарбаев
Бұл сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма – қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға арнап отырмын.
Мен елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ.
Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақ елі, халық Нұрсұлтан Назарбаев
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!
Тәуелсiздiк бiзге ең жанды мәселелердi шешуге – Семей ядролық сынақ полигонын жабуға, жан-жақты экономикалық реформаларды жүргiзуге, экономикадағы терең құрылымдық сәйкессiздiктi жоюға, елдiң табиғи ресурстарын халық игiлiгiне жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызды. Тәуелсiздiк дәстүрлi мәдени құндылықтардың ыдырауын тоқтатуға, қазақ тiлiн өркендетуге көмектестi.
Ілмектер: тәуелсіздік, полигон, экономика, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев
Бiздiң айқын да сындарлы iс-қимыл стратегиямыздың, ниеттестер командасының ынтымақшыл жұмысының, бiздiң отандастарымыздың жанқиярлық еңбегi мен толайым қолдауының нәтижесiнде Қазақстан мемлекеттiлiгi толық орнықты!
Ілмектер: тәуелсіздік, стратегия, мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев
Бiз Тәуелсiздiктi ұлтты сақтау мен өркендетудiң түп негiзi ретiнде, аса ұлы құндылық ретiнде қарастырамыз. Ол мемлекеттiлiктi қалпына келтiрудiң, дербес дамуға деген қабiлеттi дәлелдеудiң және өткен кезеңдерде қордаланған проблемаларды еңсерудiң тарихи мүмкiндiгiн бердi.
Ілмектер: тәуелсіздік, құндылық, мемлекет, тарих Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Ілмектер: тәуелсіздік, жастар, ел, дәулет, достық Нұрсұлтан Назарбаев
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі