Өлең, жыр, ақындар

Қайрат Рысқұлбеков

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына мүйіздісі мүйізін, тұяқтысы тұяғын көтерген емес. Оның қасында біз Адам атадан тараған адамзат деген атты алып жүрген жоқпыз ба және мен оған еш өкінбеймін. Мына оңбағаннан (Алмабековтен) кешірім сұрамаймын. Сол үшін соттаймын десеңдер соттай беріңдер. Егер осы оқиға қайталанса, мен қайтадан осыны істейтін едім, сол қарындасыма қайтадан араша түсер едім

Ілмектер: Қайрат Рысқұлбеков, 16 желтоқсан, тәуелсіздік, қайрат Қайрат Рысқұлбеков

Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол үшін соттаймын десеңдер де соттай беріңдер. Екі мыңдай адамды алаңға алып барғаным рас. Мойындаймын. Бірақ ана Савицкийдің өліміне қатысым жоқ. Егер қатысым болса, оны да мойындайтын едім. Бір милиционер қазақ қызының шашынан сүйреп бара жатқандығын көріп жебер деген едім, жіберемеді, сонда мен оны ұрдым да қызды ажыратып алдым. Ол міне сот залында отыр.

Ілмектер: Қайрат Рысқұлбеков, 16 желтоқсан, тәуелсіздік, қайрат Қайрат Рысқұлбеков

Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым.

Ілмектер: тәуелсіздік, 16 желтоқсан, Қайрат Рысқұлбеков Қайрат Рысқұлбеков

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар

Ілмектер: еркек, Қазақ, желтоқсан, тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков

Қарап көріңіз