Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз — шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін. Ілмектер: Кіріптарлық, құлдық, еркіндік, тәуелсіздік Роберт Вальзер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз — шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.
Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды! — Әлихан Бөкейханов Әлихан Бөкейхан, Қыр баласы
Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі. — Ғабит Мүсірепов құлдық, қорқақтық
Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды. Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді. Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес! — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, адам
Құлдық сананың белгісі — параға сатылу. — Джон Рескин құл, құлдық сана
Адамдардың сыртқы өмірге, қоршаған ортаға, жалған адамдарға «тәуелді» болып қалуы – «Құлдық Сананың» салдарынан пайда болатын ауру – бұны тәуелділік дерті деп атайды. Тәуелділікті емдеудің салдарынан адамдар өз ішіне үңілуден қорықпайтын батырға айналады. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, адам
Көптеген адамдар уақытты өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге бой алдыруды, санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды алуды пайдалы, тіпті қажет деп санайды, себебі олар Құлдық Санада. — Narsha Bulgakbaev Адам, уақыт
Құлқын қозғамаса жата бермексің, құлқын қозғаса жарғақ құлақ жастыққа тимейді. Бұл құлдықтан босанғанда ғана адам адамшылық сатысына көтеріледі. — Ғабиден Мұстафин құлдық, нақыл
Бақытты және жарқын өмір «Құлдық Сана» мен «Тәуелділікпен» үйлеспейді, өйткені бұл әрекеттер теріс психологиялық әдетке айналады. Адамдар бұл зияндылықтың зияндылығы туралы білген сайын, айналамыздағы әлем таза болады, идеалды түрде «Құлдық санасыз» және «Тәуелділіксіз». — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, бақыт
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі